Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мукашов Смет Советкалиевич
Мукашов Смет Советкалиевич 1988 жылы 24 шілде айында Алакөл ауданы Еңбекші ауылында дүниеге келдім.
1995-2006 жылдар арасында Алакөл ауданы , Үшарал қаласы Абай атындағы қазақ орта мектепті бітіріп, 2006-2011 жылдар арасында Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша жоғары білім алып шықтым.
2011-2013 жж. Үшарал қаласы Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде грек-рим күресінен бапкерлік қызмет атқардым.
2013-ж. Үшарал қазақ гимназиясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. 2019 – жылы Үшарал қазақ гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Үшарал қазақ гимназиясында дене шынықтыру пәнінен сабақ беріп келемін.
Жалпы еңбек өтілім 10 жыл. Қазіргі уақытта 2 - ші санатты мұғаліммін.
2018 жылы педагог-модератор біліктілік санатына өттім.
Шығармашылық ізденіс нәтижесінде жеткен жетістіктерім:
1. Аудандық мектеп ұстаздары арасында шағын футболдан 3 орын.2015ж 4 сәуір.
2. Аудан ұстаздары арасында шағын футболдан 1 орын 2016ж 2 сәуір.
3. Қ.Р.Тәуелсіздігінің 25 – жылдық мерекесіне орай өткізілген ересектер арасында дойбыдан 2 орын 2016 ж 16 желтоксан.
4. Жазғы «Халық ойындары» спартакиадасында Қазақ күресінен 1 орын Қабанбай ауылы 2016 ж 22 шілде.
5. Мектеп ұстаздары арасында шахматтан өткен аудандық жарысында 2 орын 17.02.2017ж.
6. Көктемгі «Халық ойындары» спартакиадасында Қазақ күресінен 3 орын.26.05.2017ж.
7. «Ақбидай» спартакиадасы Қазақ күресінен облыстық жарыс 3 орын.Талдықорған 2017ж.
8. Астананың 20 жылдығы, Алакөл ауданының 90 жылдығына орай өткізілген көктемгі «Халық ойындары» спартакиадасында қазақ күресінен 2 орын.
9. Астананың 20 жылдығы, Алакөл ауданының 90 жылдығына орай өткізілген көктемгі «Халық ойындары» спартакиадасында тоғызқұмалақтан 2 орын.
10.Спорт күні мерекесі, Алакөл ауданының 90 жылдығына орай өткізілген жазғы «Халық ойындары» спартакиадасында қазақ күресі 1 орын. 2018ж.
11. Күзгі «Халық ойындары» спартакиадасында Қазақ күресінен 1 орын. 2018ж.
12. Қ.Р. Конституция күніне орай аудандық мұғалімдер арасында шағын футбол 2 орын. 2018ж.
13. Алакөл ауданының мұғалімдері арасында дойбыдан аудан біріншілігінде 1 орын. 2018ж.
14. Аудан ұстаздары арасында шағын футболдан 2 орын 29.10. 2018ж.
15. Ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік – тапсырыс аясында «спорт және рухани жаңғыру» аудандық шахмат жарысында 3 орын.
16. Аудан ұстаздары арасында волейболдан 3 орын 2018ж.
17. Аудандық «Лучший дене шынықтыру мұғалімі - 2018» байқауында Бас жүлде.
18. «Көктем - 2019» спартакиадасында дойбыдан 3 орын.
19. Жастар жылы аясында Спорт күні құрметіне орай ұйымдастырылған «Халық ойындары» спартакиадасында қазақ күресінен 2 орын 2019ж.
20. Жылдық мұғалімдер арасында өткізілген аудандық жарыстың қорытындысы бойынша командалық 2 дәрежелі диплом 2019ж.
21. «Жастар жылы» аясында 30 – тамыз конституция күні мерекесіне орай ауыл азаматтарының арасында дойбыдан 1 орын.Көктұма ауылы 2019ж.
22. Алғыс хат. Алакөл ауданы әкімінің орынбасары А.С. Абдинов 2019ж.
23. Алғыс хат. Алматы облысы білім басқармасы Д.Байдильдин Талдықорған 2019ж.
24. 1 Желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткізілген аудандық жарыста дойбыдан 1 орын 2019ж.
25. 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай бұқаралық спортты дамыту мақсатында аудандық спорт қызметкерлері арасында дойбыдан 2 орын 2019ж.
26. 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай бұқаралық спортты дамыту мақсатында аудандық спорт қызметкерлері арасында шахматтан 2 орын 2019ж.
27. Қашықтықтан ұйымдастырылған спорттық жарыстарға әділ төрешілік еткенім үшін, Білім бөлімінің басшысынан алғыс хат иелендім. 2020ж.