Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Мухамедсыдыкова Асел Адиловна
Мухамедсыдыкова Асел Адиловна 1980 жылы 14 мамырда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келдім. 1986 жылы Бескөл №14 орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1996 жылы 11-сыныпты бітіріп шықтым.
2002 Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетіне түсіп, 2007 жылы Аталған университеттің «Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша толық курсты бітірдім.
1. 1998-2003 оқу жылы Алакөл ауданы Төңкеріс орталау мектебінде орыс тілі пәнінен сабақ бердім.
2. 2004-2005жж. Алакөл ауданы, Қайнар ауылы, Қайнар орта мектебінде орыс тілі пәнінен сабақ бердім.
3. 2006-2008жж. Қант зауыты орта мектебінде – орыс тілі мұғалімі болдым.
4. 2009-2013 жылдары Үшарал қаласындағы №1 орта мектебінде орыс тілі мұғалімі болып жұмыс істедім.
5. 2013-2020 жылдары Үшарал қаласындағы Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжінде директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары ретінде қызмет атқардым.
6. 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Үшарал қазақ гимназиясында орыс тілі мұғалімі ретінде дәріс беріп келемін.
Біліктілігін көтеру туралы мәлімет:
- 2016 жылы «Тұмар» инновациялық білім беру орталығы «Инновациялық технологиялар мен дуальды оқытуды техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қолдану» курсынан өттім.
- 2019 жылы Алматы облысының білім басқармасы және «Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ бірге ұйымдастырған «Өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушыларының WORLD SKILLS стандарттары мен модульдік құзыреттілік тәсілін енгізу шеңберіндегі қызметі» атты курстан өттім.
- 2020 жылы НАО «TALAP» орталығы «Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру» курсынан өттім.
- 2020 жылы Республикалық «Даму» педагогикалық-психологиялық дамыту орталығы «Сандық білім беру мен қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы заманауи коммуникациялық технологиялар мен құралдар» атты курстан өттім.
Жетістіктерім:
- 2012 жылы аудандық байқау «Жыл мұғалімі» байқауында ІІ орын.
- 2015 жылы Алакөл ауданы әкімінің алғыс хаты.
- 2018 жылы Алакөл ауданы Ішкі саясат бөлімінен алғыс хат.
- 2018 жылы «Нұр Отан» партиясы Алакөл аудандық филиалынан алғыс хат.
- 2019 жылы Алакөл аудандық кәсіподақ ұйымынан мадақтау қағазы.
- 2019 жылы Алакөл аудандық әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығынан алғыс хат.
- 2020 жылы «Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми әдістемелік орталығының қашықтықтан ұйымдастырған республикалық пән олимпиадасында І дәрежелі диплом.
- 2020 жылы «ADISTEME» журналы қашықтықтан ұйымдастырған республикалық пән олимпиадасында І дәрежелі диплом.
- 2020 жылы ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығын иегері Qaztest.kz Республикалық қашықтық олимпиадасында ІІ дәрежелі диплом.
- 2020 жылы BILGEN ұлттық авторлық методика және бағалау орталығын Республикалық «Білікті педагог» олимпиадасында ІІІ дәрежелі диплом.