16
сентябрь
2020
технология пәнінің мұғалімі Қазиев Советхан Бодаубайұлы
Қазиев Советхан Бодаубайұлы 1958 жылы бұрынғы Семей облысы(ШҚО), Үржар ауданының Науалы селосында дүниеге келдім. 1965-66 жылы Ы. АлтынсаринСредняя школа имени те оқыдым. 1967-69 жылдары Алакөл ауданындағы Обуховка мектебінде дәріс алдым. 1969 жылы АбайСредняя школа имени ке ауысып, оны 1975 жылы бітіріп шықтым. 1975-76 жылы Алакөл халық театрында жұмыс істедім. 1976 жылы КазПИ-дің көркем-сурет, графика факультетіне түсіп, оны 1980 жылы бітіріп шықтым. 1980-81 жылы Майск орта мектебінде мұғалім болдым. 1981-83 жылы мектеп интернатта істеп, 1983-83 жылдары армия қатарында болдым. 1985 —87 жылдары қайтадан мектеп интернатта сабақ бердім. 1987-92 жылдары АбайСредняя школа имени те дәріс бердім. 1992-93 жылы мектеп-интернатта эстетика пәндері бойынша мектеп директорының орынбасары болдым. 1993 жылдан бері Үшарал қазақ гимназиясында сабақ беріп келемін.
2001жылы, 2007жылы, 2011 жылы Алматы облысының мамандар кәсібін дамыту институтында курста болдым.
2016 жылы Талдықорған қаласында жаңартылған бағдарлама бойынша курсты тыңдадым.
Соңғы бес жылдағы жетістіктерім:
2015 жыл. Облыстағы мәдениет күндеріндегі шығармашылық белсенділігі үшін облыстық мәдениет басқармасының ГРАМОТАСЫ;
2.2015 жыл. Қыркүйек. Школьникам эстетикалық және патриоттық тәрбие берудегі еңбегі үшін"Отан патриоты"медалімен марапатталды;
3.2015 жыл, желтоқсан. ҚР Суретшілер Одағының пленумында ҚР Суретшілер одағына мүше боп қабылданды;
4.2016 жыл, сәуір. ҚР ғылым және білім министрі кәсіподағының АЛҒЫС хатымен марапатталды.
5.Алматы облыстықбілім басқармасы ММ"Облыстық әдістемелік кабинеті" мккк құрастырып шығарған "Эстетикалық пәндерді оқытудағы әдістемелік қызметтің ролі" деп аталатын озат тәжірибелер жинағына ашық сабақтары енгізілді;
6.2016 жыл. ҚР 25 жылдығына арналған"Тарихқа тағзым" атты Алматы облыстық кәсіпқой суретшілерінің байқауында облыстық мәдениет басқармасының ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды;
7.2016 жыл. "Ұрпаққа аманат" атты халықаралық сурет көрмесінде халыхаралық дәрежедегі СЕРТИФИКАТ тапсырылды;
8.2017 жылы білім мен тәрбие беру ісіндегі табыстары мен оның дамуына қосқан үлесі үшін білім басшысы М. Төлеужановтың ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды.
9.2017 жыл. Аудан көлеміндегі іс-шараларға белсене қатысқаны үшін аудан әкімінің орынбасары А. Абдиновтың АЛҒЫС хатымен марапатталды.
2018 жыл. Школьникам эстетикалық тәрбие берудегі қосқан зор үлесі үшін аудан әкімі Ә. Жақанбаевтың ҚҰРМЕТ грамотасымен марапатталды;
10.2018 жыл. Білім беру саласындағы жемісті еңбегі үшін аудан әкімінің ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды;
11.2018 жыл. Өнердегі ерекше жетістіктері үшін ҚР Суретшілер одағының төрағасы Ө. Жұбаниязовтың МАДАҚТАМАСЫН алды;
12.2018 жыл. Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына қарсы ҚР өнері мен мәдениетіне қосқан үлесі үшін Астана қаласы Суретшілер одағының СЕРТИФИКАТЫН алды;
13.2018 жыл. Өнердегі еңбегі үшін Астана қаласы Суретшілер одағының ол "Құрмет" медалімен марапатталды;
14.2018 жыл. ҚР Білім беру ісіне қосқан үлесі және педагогикалық шеберлігі үшін "Алаш ұстазы" медалімен марапатталды;
14.2019 жыл. Тәуелсіздік күніне арналған облыстық кәсіпқой суретшілер арасвнда өткен көрмеде 3 орын алып 80000-ның СЕРТИФИКАТЫН алды;
15.2020 жыл. А. Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған талантты педагогтар байқауында поэзия жанры бойынша медальмен марапатталды;
16.2021 жыл. Ұзынағашта өткен ауған соғысына байланысты ұйымдастырылған сурет көрмесінде грамотамен, бағалы сыйлықпен марапатталды;
17.2021 қаңтар. Талдықорған қаласында өткен облыс суретшілерінің қойған көрмесінде грамотамен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.