Родителям арналған психологиялық Тренинг
Родителям арналған психологиялық
Тренинг
1.«Танысу» тренингі
Мақсаты: топта ары қарай жақсы қарым –қатынас орнату үшін қолайлы орта туғызу, танысу. Родителям 5-минут уақыт беріледі. Сол уақытта олар парталас көршісімен танысады. Яғни, (аты –жөні, қайда жұмыс жасайды, баласының аты, неше баласы бар, қайда тұрады т.б). Уақыт аяқталғаннан кейін ата-аналар екі-екіден шығып, өздерін емес, көршілерін таныстырады.
2. Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 10 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертен сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз.
3. Баланы сабаққа ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Қандай баға алдың?» деп сұрамай, «Бүгін нені үйрендің?» «Нені білдің?» «Не істей алдың?» деген сұрақ қойыңыз.
5.Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
7. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
8.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
9.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
10.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан да зорығуы мүмкін.
3. «Жан жүрек сыры» Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар! Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз оған қазір жан береміз. Қатысушыларға қағаздан жасалған жүрекшелерді беріп, оған балаларына қандай жылы сөздер айтады соны жазу тапсырылады.(айналайын, ботам, жұлдызым, т.б.) Қалай ойлайсыздар? Жанданды ма? Неліктен? Ең бастысы сүйе білу керек, жылылық, мейірімділік керек. Әр уақытта балаңыздың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ата- аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік, біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық! Әр ошақтың жылулығы түсінуден, денсаулықтан, махаббаттан , сыйластықтан құралады.