Әлеуметтік педагог
Өмірбаян
Мен, Алпысбаева Арай Қайратқызы 1992 жылы 24 қараша күні Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келдім. 1999 жылы Талапкер орта мектебіне 1-сыныпқа қабылдандым. 2010 жылы М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебін бітіріп, Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті колледжіне грантқа түсіп, аталған колледжі 2012 жылы аяқтап шықтым. 2013-2018 жылдар аралығында әр салада жұмыс атқарып, 2018 жылдың қараша айында Үшарал қазақ гимназиясына іс-жүргізуші болып жұмысқа қабылдандым. 2019 жылы менеджер лауазымына ауыстым. 2021 жылы тұрмысқа шығып, 2022 жылы шілде айында бала күтіміне орай ақысыз демалысқа шықтым. Жодасым осы гимназияда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарады. Бір қызымыз бар. Осы гимназияның балабақшасында тәрбиеленуде. Семей қаласындағы Ә.Бөкейхан университетіне оқуға түсіп, 2025 жылы информатика пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтадым. Қазіргі таңда әлеуметтік педагог лауазымын атқарып жатырмын.
