Мектепішілік аттестаттау комиссияның отырысы
2025 жылғы 29 мамыр күні «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектепішілік аттестаттау комиссиясының жоспарлы отырысы өткізілді. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, аттестациядан өтетін педагогтердің портфолиолары «USTAZ» платформасы арқылы жан-жақты зерделеніп, кәсіби қызмет нәтижелері мен әдістемелік материалдары толық талданды. Комиссия мүшелері педагогтердің кәсіби құзыреттіліктері, шығармашылық жетістіктері,