13
март
2026
«Қазақстан көлдері және үйдегі су үнемдеу технологиялары» тақырыбында ашық сабақ
Ы. Алтынсарин атындағы мектеп- гимназиясында 13 наурыз күні 9-11 сынып оқушыларына «Қазақстан көлдері және үйдегі су үнемдеу технологиялары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.🔰Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Қазақстан көлдерінің табиғи және әлеуметтік - экономикалық маңызы, тұрмыста суды үнемдеу дағдыларын дамыту, су ресурстарын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу.
🔰Ашық сабақ барысында оқушылар су – тіршілік көзі екендігі туралы мәліметтер алып, суды қорғау мен үнемдеудің маңыздылығын білді.