17
февраль
2026
“Physical Structure of the Human Brain” тақырыбында ашық сабақ
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы 10 «Ә» сыныбында ағылшын тілі пәнінен “Physical Structure of the Human Brain” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Н.Даулетбақова сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырды.Сабақта білім алушылар адам миының құрылымы туралы ағылшын тілінде ақпарат талдап, өз ойларын еркін жеткізді.Оқушылар белсенділік танытып, жаңа терминдерді меңгеріп, пәнге деген қызығушылықтарын көрсетті.
Ашық сабақтың мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, ғылыми тақырыпта ағылшын тілінде еркін сөйлеуге үйрету және сыни ойлау қабілеттерін жетілдіру.