18
апрель
2025
«Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаты




Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия»КММ.
«Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаты өтті.1-11 сынып аралығында қамтылды.
Мақсаты:
Оқушыларға судың адам өміріндегі, табиғаттағы маңызын түсіндіру, суды үнемдеу жолдарын үйрету, экологиялық сананы қалыптастыру және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Оқушыларға судың Жердегі тіршілік үшін маңызын түсіндіру;
Суды үнемдеу қажеттілігі туралы ақпарат беру және оның себептерін талқылау;
Суды үнемдеудің қарапайым және тиімді тәсілдерін таныстыру;
Оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
Табиғатты қорғауға бағытталған іс-әрекеттерге ынталандыру.