
2024 жылдың 9 желтоқсан күні «Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия» КММ-нің мектепке дейінгі шағын орталығында «Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі» тақырыбында тәрбие сағатты өтті.
Шараның мақсаты – жас ұрпаққа еліміздің тәуелсіздігі мен ұлттық рухты дәріптеу, өз Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Оқушыларға тарихымыз бен мәдениетімізді құрметтеу, патриоттық сезімді арттыру бағытында маңызды мәліметтер мен құнды ойлар айтылды. Тәуелсіздік жолындағы күресіміздің маңызын ұғынған жас жеткіншектердің ұлттық сана-сезімі одан әрі қалыптасады. 3 В сыныбы
Сынып жетекшісі:Т.Ахметова