Апталық жиын » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
" Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ноябрь
2024

Апталық жиын



"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы" КММ

2024 жылдың 4 қараша күні өткен апталық жиынның қорытындысы:

📌 Өткен аптада нашақорлыққа қарсы волейбол жарысында 5-6 сынып ұлдары аймақтық 2-орын, 9-11 сынып ұлдары аудандық 2-орын иеленді.

📌 «Білімді жастар кемел мемлекеттің тірегі» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында зияткерлік ойын ұйымдастырылды.

📌 «Ұлттық ойын — халық мұрасы» атты гимназияішілік ұлттық ойындар керуені өтті.

📌 Математикалық білім беру сапасын арттыру мәселелері бойынша Республикалық форумда Г. Адибасова алғыс хатпен марапатталды.

📌 Бастауыш сыныптар арасында өткен аудандық «Алтын тұғыр» сайысында А. Аликеева мен М. Абдолданова жүлделі орынға ие болды.

📌 Дарын шығармашылық би байқауында Нұршашу би тобы 2-орын алды.

📌 Қазақ әдебиетінің үш бәйтерек байқауында 3 А сынып оқушысы А. Өнербек 1-орын иеленді.