23
декабрь
2025
Аралық бақылаудың қорытындысы бойынша пән мұғалімдерімен талдау жұмысы
22.12.2025 ж. мектеп-гимназия директорының қатысуымен аралық бақылаудың қорытындысы бойынша пән мұғалімдерімен талдау жұмысы жүргізілді. Кеңесте білім алушылардың оқу жетістіктері, білім сапасының көрсеткіштері және оларды жақсарту жолдары қарастырылды.Жиын барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Асел Адиловна пән мұғалімдеріне аралық бақылау нәтижелерін талдау, білім олқылықтарын анықтау және оларды жою бойынша нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар пән мұғалімдерінің ұсыныстары тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.