26
март
2024
№5 педагогикалық кеңес

“Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі”мемлекеттік мекемесінің «Ы.Алтынсарин атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар қазақ гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың наурыз айының 26-сы күні кезекті №5 педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, шешімдері шығарылып, қаулы қабылданды. Сондай-ақ, осы педагогикалық кеңесте «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу» ережесімен мұғалімдерге толыққанды түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар каникул күндері жүргізілетін іс-шара жоспарымен және 4,9,11 сынып оқушыларын Мемлекеттік аттестаттауға дайындау мақсатындағы қосымша сабақтардың кестесі таныстырылып, сапалы өткізілуі бақылауға алынатыны ескертілді.