26
август
2025
Пән бірлестіктерінің (кафедралардың) отырыстары
2025 жылдың 26 тамыз күні Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясында пән бірлестіктерінің (кафедралардың) отырыстары өткізілді.Отырыстар барысында күн тәртібіндегі негізгі мәселе – 2025–2026 оқу жылына арналған әдістемелік-нұсқаулық хатты (ӘНХ) талдау және түсіндіру жұмыстары қаралды.
Пән мұғалімдеріне жаңа оқу жылына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар таныстырылып, әдістемелік-нұсқаулық хаттың негізгі бағыттары мен талаптары түсіндірілді. ӘНХ құжатындағы пәндер бойынша оқу жүктемесі, бағалау жүйесі, жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы ерекшеліктер және педагогтерге қойылатын кәсіби талаптар талқыланды.
Сонымен қатар, пән мұғалімдері оқу жылы бойы атқарылатын әдістемелік жұмыстардың бағыттарын айқындап, жылдық жұмыс жоспарларын нақтылады.
Кафедра отырыстары нәтижелі өтті. Мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, алдағы оқу жылына жоспарлы дайындық жұмыстарын жүргізуге кірісті.