09
июнь
2025
Қазақ тілі пәні бойынша қорытынды емтихан
2025 жылдың 9 маусымында мектеп базасында 11-сынып оқушылары үшін қазақ тілі пәні бойынша қорытынды емтихан өткізілді. Емтиханға барлығы 22 оқушы толық қатысты.Емтиханды мектеп директоры Г.Хасенова ашып,оқушыларға сәттілік тіледі.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ниязова емтиханның өту тәртібі мен ережелері туралы толыққанды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға академиялық адалдық қағидалары ескертіліп, емтихан барысында тәртіпті сақтау міндеттілігі атап өтілді.
Пән мұғалімі А.Нусипова оқушыларға емтихан материалымен жұмыс істеу тәртібі жөнінде нұсқаулық беріп, туындаған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынды. Емтихан белгіленген уақыт тәртібімен және талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.