29
май
2025
9 сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары
«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия»КММ.Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрінің орта білім беру комитетінің 2025 жылғы 24 наурыздағы №20-1-6 2089-Н хаты негізінде, «Білім туралы» ҚР Заңының 5- бабы ,38-тармақшасына және ҚР Оқу –ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың , бастауыш ,негізгі орта,жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын орындау мақсатында 9 сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары басталды.
Бүгін 2025 жылдың 29 мамыр күні алгебра пәні бойынша жазбаша емтихан өтті.Емтиханға 81 оқушы толық қатысты.Емтиханды мектеп –гимназия директоры Г.ХАСЕНОВА ашып,оқушыларға сәттілік тіледі.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ниязова емтиханның негізігі ережелерін айтты.
Пән мұғалімдері :
З.Аюбаева.Г.Адибасова,Н.Кусайнова емтихан тапсырмаларын орындау,рәсімдеу жөнінде нұсқау берді.