Тарихи үдеріс, тарих беттерінен (практикалық жұмыстар) (10-11 сыныптар) Арнаулы курс бағдарламасы Автор: Кусайнова Қорлан Турсымбековна
Алматы облысы, Алакөл ауданы
«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тарихи үдеріс, тарих беттерінен
(практикалық жұмыстар)
(10-11 сыныптар)
Арнаулы курс бағдарламасы
Автор: Кусайнова Қорлан Турсымбековна
Үшарал қаласы
Түсініктеме хат
Тарих- үнемі дамуда және қозғалыста болатын шындық дүние, қоғам мен табиғаттың дамуы туралы ғылым, адамзат жадында сақталып отыратын өткеннің беттері. Тарих- адамзаттың өткенін зерттейтін қоғамдық ғылымдардың кешені. Тарихи қозғалыс (тарихи уақыт пен тарихи кеңістік), тарихи факт, тарихи дерек, зерттеу теориясы (методологиялық түсіндіру) жатады. Тарихи қозғалыс - өзара байланысты тарихи уақыт және тарихи кеңістік категорияларынан тұрады.
Бүгінгі таңда ұлт тарихын ұлықтаудың теориялық-әдістемелік мәселелері, отандық деректану, тарихнама және зерттеу әдістері бойынша жүйелі жазылған қомақты еңбектердің тапшылығы тарих ғылымындағы кешенді ізденістерді зерделеуге бастайтын күрделі мәселелердің бірі болып отыр. «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»деп, Н. Ә. Назарбаев айтқандай тарихи оқиғаларды талдай отырып, тарихи хронология яғни кезеңдерге бөлу немесе дәуірлеу мәселесі де отандық тарихы ғылымында ауқымды орынды алып отыр. Соңғы кезде бұл мәселеге қатысты ғылыми таным аясының кеңейе түсуіне орай бірқатар тұжырымдамалар ұсынылып жатыр.
Ал ортағасырлық отан тарихын оқытуда біріншіден, қазақ хандығының орталықтанған билік жүйесіне ерекше тоқталу қажет. Көптеген тарих кітаптарында осы мәселе жалпылама аталып кетеді. Екіншіден, ортағасырлық көшпелі халықтың рухани мәдениетіне аса мән берілуі қажет. Өйткені қазақ халқының хандары, билері, ақындары, жыраулары, ғалымдары мен әншілері ислам дінінің білгірлері, ислами өркениеттің өкілдері еді. Яғни, ортағасырлық қазақ даласы туралы мәселе көтерілгенде рухани өмірдің саясаттағы, әлеуметтік қоғамдағы ықпалы мен рөліне кеңірек тоқталған жөн.
Жаңа заман тарихында қазақ хандығының патшалық Ресейдің боданына айналу тарихы да өзіндік өзекті мәселелерге толы. Ол кезде қазақ хандығына өз территориясын сақтап қалу қаншалықты маңызды болса, ал патшалық билікке экономикалық табыс көзі тиімділік соншалықты тиімді болды. Бұл идеология XVIII ғасырдағы ресейлік зерттеушілердің еңбектерінен де анық байқалады. Зерттеуші ғалымдарымыз өз еңбектерінде XV ғасырдың ортасынан қазақ хандығы тұтас саяси құрылым ретінде өмір сүріп, XVIII ғасырдан бастап әрбір жүз өз хандарын сайлай бастағанын тілге тиек етеді.
Мұны оқығанда орталық биліктің дағдарысқа ұшырауына қандай факторлар себеп болды немесе орталықтанған билік астында неге жауға қарсы тойтарыс бермедік деген сұрақтар туындайды. Демек бұл жағдай да әлі терең зерттеуді қажетсінеді. Патшалықтың идеологиясы халықты материалдық, әрі этнопсихологиялық тұрғыдан қысты.
Идеологияның қаншалықты дәрежеде қиындық тудырғанын қазақ жерінде үнемі бой көтеріп тұрған ұлт-азаттық қозғалыстар дәлелдеп береді. Әрине аталмыш қозғалыстардың өзіндік алғышарттары мен салдарлары болды, алайда барлығын біріктіруші сипат азаттыққа ұмтылысы еді.
Кеңестік кезең тұсындағы Қазақстан тарихында шынайылыққа қауышпаған немесе нақты анықталмаған жәйттер бар. Көптеген мәселелер немесе оқиғалар әлі де кеңестік кезеңдегі мәліметтерімен шектеліп қалған.
Сондықтан отан тарихын оқытуда сапалық деңгейдің артуы үшін: біріншіден, тарихты жазуда әрбір дәуірге қатысты деректер өз кезеңіне байланысты пайдаланылуы қажет. Мәселен, көне дәуірлерде антика авторларының еңбектері, қытай жазбалары т.б. құнды мәліметтер ұсынса, ал ортағасырлық кезең үшін түрік, парсы, араб т.б. деректері маңызды орында. Кеңестік кезең тарихына келсек, ресейлік және отандық мұрағат деректері, сондай-ақ шетелдік зерттеулер құндылық танытады.
Бағдарламаның мақсаты: Жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, адамзат басынан кешірген аса елеулі тарихи оқиғалармен, ол жинақтаған бағалы құндылықтармен таныстыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері:
- Қоғамының даму тарихы туралы білімін қалыптастыру;
- тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу, өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;
- тарихи деректермен жұмыс жасай білу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру;
- азаматтық позициясын қалыптастыру;
- еліне қызмет етуге дайын белсенді азамат тәрбиелеу;
- қазақстандық менталитет негізінде тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал ету.
Курс елтану, аймақтану, саясаттану, тарих сияқты мамандықты қалаған жеткіншектерге бағыт-бағдар көмек береді. Курс оқушылардың талап-тілектерін қанағаттандырып, мамандыққа баулумен қатар, олардың жалпы білім көлемін, мәдени деңгейін көтеріп, гуманитарлық даярлығын жақсартады.
Курс бағдарламасы 34 сағатқа лайықталып жасалған. Аптасына 1 рет өткізіледі.
Бағдарламаның мазмұны
І бөлім. Тарих. Тарихи үрдіс мәселелері ( 6сағат)
Тарих. Тарихи қозғалыс (тарихи уақыт пен тарихи кеңістік), тарихи факт, тарихи дерек. 1 сағат. Зерттеу пәні бойынша теориялар: діни- тарихи, әлемдік- тарихи, локальды-тарихи теориялар. 1 сағат. Тарихи үрдістің категориялары және сипаты. 1 сағат. Тарихи принцип. 1 сағат. Тарихи заңдылық категориясы. 1 сағат. Тарихи үрдістің қазіргі заманғы мәселелері. 1 сағат.
Тарихи үрдісті кезеңдестіру. Тарихи кеңістік- белгілі бір территорияда өтіп жататын табиғи-географиялық, экономикалық, саяси, қоғамдық-мәдени үрдістердің жиынтығы. Халықтарды батыстық және шығыстық деп бөлу. Христиан дүниесі- Батыстың, ал мұсылман дүниесі- Шығыстың синонимі.
Тарихи факт- өткеннің нақты оқиғасы. Тарихи дерек- адамзат қоғамының дамуын бейнелейтін және оны ғылыми тануға негіз болатын айғақ. Тарихи деректер түрлері: жазба, заттық, этнографиялық, фольклорлық, тілдік, кино фото деректер.
Тарихи үрдіс теориясы- тарихи фактілерді түсіндіруші логикалық жүйе. Зерттеу пәні бойынша үш түрлі белгілі теория бар: діни- тарихи, әлемдік- тарихи, локальды-тарихи теориялар.
Евроцентристік позиция. Әлемдік - тарихи теорияның шеңбері: материалистік, либералдық, технологиялық бағыттар бар.
Локальдық-тарихи теорияның пәні локальдық (жекелеген) өркениеттер Г.В Вернадский, Л.Н.Гумилев еңбектері.
Тарихи үрдістің категориялары және сипаты.
К.Маркстің концепциясы. Формация теориясы Батыс Европаның тарихи мысалында. Шығыс елдері «азиаттық өндіріс тәсілі» Формациялық жолға балама өркениеттік теория. Ф.Вольтер,Ж., Ж.Руссо, И.Кант, О.Шпенглер, Ф.Ницше, Н.Я.Данилевский, А., П.Сорокин еңбектері.
Мәтінді дұрыс оқи білу немесе түпнұсқалық проблемасы.
Деректің пайда болған уақытын анықтау. Деректің пайда болған жерін анықтау. Дерек авторының не құрастырушының атын анықтау.
Тарихи заңдылық категориясы. Тарихи үрдістің қазіргі заманғы мәселелері. Тарихи білімнің салыстырмалылығы. Тарихты формациялы және өркениеттік тұрғыдан түсіндіру және олардың қазіргі кезеңдегі арақатынасы.
Ұзын толқындар теориясының қалыптасуы. .К.Поппердің идеялары.Хаос теориясы.
ІІ бөлім. Даланың ежелгі тарихы: алғашқы тайпалық бірлестіктер. (2 сағат)
Дала өркениетінің антикалық әлемі.
Скиф, сақ, үйсін, қаңлы қоғамдары. Ғұндар тарихы. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
Жазба деректер, тарихы туралы қытай және иран жазбалары, қоғамдық құрылысы. Ғұн жорықтарының маңызы, тарихи әдебиеттердегі ғұндардың бейнесі.
ІІІ бөлім. Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан (2 сағат)
Түрік қағанаты, Батыс-Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, қарлұқ мемлекеті,оғыз мемлекеті, қимақ мемлекеті,
ІҮ бөлім Дамыған ортағасырлардағы Қазақстан (2 сағат)
Қарахан мемлекеті, наймандар, керейіттер, жалайырлар, Жетісудағы Қарақытайлар, Қыпшақ хандығы этникалық құрамы, жер аумағы, шаруашылығы, саяси құрылымы және сыртқы байланыстары.
Ү бөлім. ХІІІ ғ. – ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан (3 сағат)
Монғол империясының құрылуы, Қазақстанды жаулап алуы, монғол ұлыстарының құрылуы (Жошы мен Шағатай ұлысы), жаулап алудың зардаптары.
Алтын Орда. Ақ Орда, Моғолстан, Темір мемлекеті (Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Қытай, Үндістан т.б. елдерге жорықтары), оның салдары, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығы.
Қазақстан территориясындағы орта ғасырлық мемлекеттердің әкімшілік құрылысы, қоғамдық құрылымы, жерді пайдалану және алым-салықтар, экономикалық жағдайы.
ҮІ бөлім. Кейінгі орта ғасырдағы Қазақстан. Біртұтас мемлекеттің құрылуы (4 сағат)
Қазақ хандығының құрылуы, Керей мен Жәнібек, біртұтас Қазақ мемлекеті құрылуының тарихи маңызы.
Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Тұрсын ханның бүлігі; Жәңгір хан, қазақ-жоңғар соғысы, Тәуке хан, қазақ-жоңғар қатынастары, Сібір хандығымен байланысы, қазақ-орыс қатынастары.
Қазақ хандығының дәстүрлі басқару жүйесі, қазақ ханы және сұлтандар, халықтың әлеуметтік құрылымы
ҮІІ бөлім. Ресей бодандығындағы Қазақстан. ХҮІІІ ғасырдың басынан 1914 жылға дейін (5 сағат)
ХVІІІ ғ. ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығы, қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ-башқұрт және қазақ-қалмақ қатынастары.
Қазақ-жоңғар соғысы, жоңғар хандығы туралы жалпы мәліметтер, жоңғар шапқыншылығының себептері, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама....» жылдары, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі.
Кіші жүз және Орта жүздің бір бөлігінің Ресейге қосылуының басталуы. ХVІІІ ғ. ортасындағы қазақ хандығы, Ресейдің Қазақстандағы саясаты, қазақ жерлерінің тартып алынуы.
Қазақстанда казак отарлауының күшеюі және әскери шептердің кеңейтілуі.
Абылай тұсындағы қазақ хандығы.
Қазақтардың 1773-1775 жж. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы, Көктемір қозғалысы, Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс, О.Игельстром реформалары. Қазақстанда хандық биліктің жойылуы, «Сібір қырғыздары туралы Ереже», «Орынбор қырғыздары жөніндегі Ереже» (Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы);
1836-1838 жж. Бөкей ордасындағы қазақтар көтерілісі Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы. ХІХ ғ. бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары, Жоламан Тіленшіұлы (1822-1825 жж.), Қасым Абылайұлы және Саржан Қасымұлы (1825-1836 жж.) бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар.
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс, Кенесары Қасымұлы (тұлға және саясаткер), Кенесары хандығы;
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы (ХІХ ғ. 40-60 жж.)
ХІХ ғ. 40-60 жж. Ресей және Ортаазиялық мемлекеттер, ХІХ ғ. 40 – жылдары қазақтардың Қоқан, Хиуа және Ресеймен қарым-қатынастары, Ресей империясы әскерлерінің Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және Орта Азияны жаулап алуы;
Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары мен маңызы. Қазақ халқының Хиуа үстемдігі мен патша әкімшілігінің отарлау саясатына қарсы азаттық күресі, Сырдария қазақтарының экономикалық жағдайының нашарлауы, Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісі (себептері, барысы, тарихи маңызы).
Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформалар, Қазақстанда реформа жүргізудің себептері, дала комиссиясы (1865-1867жж.).
1860-1870 жылдардағы қазақтардың азаттық күресі, Торғай және Орал облыстарындағы көтерілістердің себептері мен барысы, Маңғыстаудағы көтеріліс, патшаның жазалаушы әскерлерінің азаттық күрестің негізгі ошақтарын басуы, көтеріліс қорытындылары мен маңызы;
ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалар, 1886 -1891 жылдардағы «Басқару туралы ережелер...», Түркістан және Дала генерал-губернаторлықтары, реформалардың мазмұны мен салдары;
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ-қытай қатынастары, сауда қатынасының дамуы, Жетісуға ұйғырлар мен дұңғандардың қоныс аударуы.
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан. Столыпиннің аграрлық реформасы және шаруалардың Қазақстанға жаппай қоныстануы;
ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай, 1905-1907 жж. революция кезіндегі жұмысшылар және аграрлық қозғалыстар, Қазақстандағы реакция жылдары. Қазақстандағы әлеуметтік-демократиялық, эсер және кадет топтары.
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер, Қазақстандағы панисламизм және пантүркішілдік, Қазақстандағы ұлттық- демократиялық қозғалыстар, Мемлекеттік Дума жұмысына қырғыз (қазақ) облыстарынан өкілдердің қатысуы (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Б.Қаратаев, М.Тынышпаев, М. Шоқай), саяси басылымдардың дамуы («Қазақ» газеті, «Айқап» журналы);
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, бірінші дүниежүзілік соғыс.
Қазақстандағы бүкілресейлік саяси партиялардың қызметі, жалпықазақ съезінің шақырылуы (1917 ж. сәуір-шілде);
«Алаш» партиясы, Ресей кадет партиясының ұлттық филиалын құру әрекеті, «Қазақ» газеті және ұлттық-демократиялық қозғалыстар.
ҮІІІ бөлім. Кеңестер билігіндегі Қазақстан (7 сағат)
Қазақстанда кеңестер билігінің орнауы, қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы, Қазақстандағы РСДЖП-ның социал-демократиялық ұйымдары.
Қазақстандағы ұлттық автономиялар, Түркістан (Қоқан) автономиясы, «Алаш» партиясы жетекшілерінің Орынбордағы ІІ Жалпықазақ съезін шақыруы (1917 ж. желтоқсан), «Алаш» қазақ облыстары автономиясының құрылуы, «Алашорда Халық Кеңесі» үкіметінің қызметі.
Азамат соғысы және шетелдік интервенция жылдарындағы (1918-1920 жж.). Кеңес билігі мен «Алашорда» үкіметінің қарым-қатынасы, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің большевиктермен күресте жеңілу себептері.
«Әскери коммунизм» саясаты, 1921 жылғы жұт пен аштық, Қазақстандағы шаруалар толқулары (1920-1922 жж.).
Қазақ кеңес мемлекеттілігінің құрылуы, Қырғыз (Қазақ) Кеңестік автономиясын құруға дайындық жұмыстары, Қырревком (Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет) және оның қызметі;
1920 ж. 26 тамыздағы Кеңес үкіметінің «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын (РКФСР құрамында) құру туралы» Декреті, Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі, «Қырғыз (Қазақ) АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясын» қабылдау және оның мазмұны.
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) (1921-1925 жж.), жер-су комитеттерінің құрылуы, оның қызметі және 1921 ж. жер-су реформасы, жаңа экономикалық саясат (мақсаты және мазмұны).
1920-1930 жж. Қазақстандағы индустрияландыру.
Қазақстандағы «Кіші Қазан». 1926-1928 жж. қазақ зиялыларына қарсы қуғын-сүргін шараларының күшеюі;
Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, күштеп ұжымдастырудың сталиндік моделі.
1931-1933 жылдардағы ашаршылық, ХХ ғ. 30-ж. Қазақстандағы қасірет.
Қазақ шаруаларының қарулы көтерілістері және Кеңес үкіметінің жазалау шаралары. 1937 – 1938 жылдардағы жаппай жазалау шаралары.
1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан.
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда 1946 – 1953 жж.
«Хрущев кезеңіндегі» Қазақстан өнеркәсібінің дамуы.
Қазақстандағы әскери-өнеркәсіптік кешен, атомдық полигонның салынуы және Семейде ядролық сынақтардың жүргізілуі, «Байқоңыр» ғарыш айлағы.«Тың эпопеясы».
Теміртаудағы 1959 жылғы оқиға.
«Тоқырау» кезеңіндегі қазақстандықтардың материалдық жағдайы.
1965-1985 жж. саяси өмір және ұлттық саясат, саяси өмірдегі мәселелер, ауыртпалықтар және қарама-қайшылықтар.
Ұлттық саясаттағы деформациялар, республикалардың егемендігінің шектелуі, 1979 ж. Целиноградтағы оқиға.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы (себептері, барысы және салдары).
1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасы, Қарағанды кеншілері ереуілінің себептері мен сипаты.
КСРО-ның таралуы.
ІХ бөлім. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы және нығаюы (2 сағат)
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заңы (1991 жыл 16 желтоқсан), Президенттік басқару институтының қалыптасуы, Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің сайлауы (1991 жыл 1 желтоқсан), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен наградалары, Қазақстан Республикасының Конституциялары;
Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы, қоғамдық қозғалыстар және ұйымдар.
Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік даму бағдарламалары, «Қазақстан – 2030» және «Қазақстан – 2050» стратегиялары, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аманжолов Қ. Р. Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы. 1-2 кітаптар, А., 2004.
2. Аспендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. А., 1994.
3. Гумилев Л. Н. Көне түркілер. А., 1994.
4. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А., 1995.
5. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 4 – томдық., 1 т., А., 1996.
6. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980). А., 1991.
7. Козыбаев М.К. Ақтандақтар ақиқаы. А. 1992.
Тарихи үдеріс, тарих беттерінен
(практикалық жұмыстар)
(10-11 сыныптар)
Арнаулы курс бағдарламасының күнтізбелік жоспары
р/с | тақырыбы | Сағат | мерзімі | Өткізу түрі | ||||||||
І бөлім. Тарих. Тарихи үрдіс мәселелері (6 сағат) | ||||||||||||
1 | Тарих. Тарихи қозғалыс (тарихи уақыт пен тарихи кеңістік), тарихи факт, тарихи дерек | 1 | Лекция | |||||||||
2 | Зерттеу пәні бойынша теориялар: діни- тарихи, әлемдік- тарихи, локальды-тарихи теориялар | 1 | Лекция | |||||||||
3 | Тарихи үрдістің категориялары және сипаты. | 1 | Лекция | |||||||||
4 | Тарихи принцип | 1 | Лекция | |||||||||
5 | Тарихи заңдылық категориясы | 1 | Лекция | |||||||||
6 | Тарихи үрдістің қазіргі заманғы мәселелері | 1 | Семинар | |||||||||
ІІ бөлім. Даланың ежелгі тарихы: алғашқы тайпалық бірлестіктер (2 сағат) | ||||||||||||
7 | Скиф, сақ, үйсін, қаңлы қоғамдары. Ғұндар тарихы. Халықтардың ұлы қоныс аударуы | 1 | Карта-схема құрастыру | |||||||||
8 | Жазба деректер, тарихы туралы қытай және иран жазбалары, қоғамдық құрылысы. | 1 | Тарихи талдау Эссе | |||||||||
ІІІ бөлім. Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан (2 сағат) | ||||||||||||
9 | Түрік қағанаты, Батыс-Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлұқ мемлекеті, Оғыз мемлекеті, Қимақ мемлекеті | 1 | Карта-схема құрастыру Тарихи орындарға маршрут құрастыру | |||||||||
10 | Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттердің ортақ тарихы | 1 | Тарихи талдау Эссе | |||||||||
ІҮ бөлім Дамыған ортағасырлардағы Қазақстан (2 сағат) | ||||||||||||
11 | Қарахан мемлекеті, наймандар, керейіттер, жалайырлар, Жетісудағы Қарақытайлар, Қыпшақ хандығы | 1 | Тірек схемасын құрастыру | |||||||||
12 | Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттердің ортақ тарихы | 1 | Тарихи талдау Эссе | |||||||||
Ү бөлім. ХІІІ ғ. – ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан (3 сағат) | ||||||||||||
13 | Қазақстанды моңғолдардың жаулап алуы, ұлыстарының құрылуы | 1 | Оқиға болған жерден репортаж Өзекті интервьюлер | |||||||||
14 | Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Темір мемлекетінің жаулап алу салдары, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығы | 1 | Тарихи орындарға маршрут құрастыру Карта-схемалар құрастыру | |||||||||
15 | Қазақстан территориясындағы орта ғасырлық мемлекеттердің әкімшілік құрылысы, қоғамдық құрылымы, жерді пайдалану және алым-салықтар, экономикалық жағдайы | 1 | Тарихи талдау Эссе | |||||||||
ҮІ бөлім. Кейінгі орта ғасырдағы Қазақстан. Біртұтас мемлекеттің құрылуы (4 сағат) | ||||||||||||
16 | Қазақ хандығының құрылуы, біртұтас Қазақ мемлекеті құрылуының тарихи маңызы | 1 | Зерттеу жұмысы Таныстырылымдар жобасы | |||||||||
17 | Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Тұрсын ханның бүлігі; Жәңгір хан, қазақ-жоңғар соғысы, Тәуке хан, қазақ-жоңғар қатынастары, Сібір хандығымен байланысы, қазақ-орыс қатынастары | 1 | Хандар билігіне талдау Хандар хронологиясын жасау Рефераттар | |||||||||
18 | Қазақ хандығының ерекшелігі, қиыншылықтары, кемшіліктері, тарихи баға, көзқарас | 1 | Тарихи талдау Эссе | |||||||||
19 | ХVІІІ ғ. ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығы. Қазақ-жоңғар соғысы, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі | 1 | Оқиға болған жерден репортаж Өзекті интервьюлер | |||||||||
ҮІІ бөлім. Ресей бодандығындағы Қазақстан. ХҮІІІ ғасырдың басынан -ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан ( 5 сағат) | ||||||||||||
20 | Кіші жүз және Орта жүздің бір бөлігінің Ресейге қосылуының басталуы. Ресейдің Қазақстандағы саясаты, қазақ жерлерінің тартып алынуы. Абылай тұсындағы қазақ хандығы. | 1 | Зерттеу жұмысы | |||||||||
21 | Қазақтардың 1773-1775 жж. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы, Көктемір қозғалысы, Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. 1836-1838 жж. Бөкей ордасындағы і Исатай мен Махамбет көтерілісі. Жоламан Тіленшіұлы (1822-1825 жж.), Қасым Абылайұлы және Саржан Қасымұлы (1825-1836 жж.) бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар. 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс, Қазақ халқының Хиуа үстемдігі мен патша әкімшілігінің отарлау саясатына қарсы азаттық күресі, Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісі (себептері, барысы, тарихи маңызы). 1860-1870 жылдардағы қазақтардың азаттық күресі, Торғай және Орал облыстарындағы көтерілістер. Маңғыстаудағы көтеріліс. | 1 | Оқиға болған жерден репортаж Өзекті интервьюлер Кесте құру Карта-схемалар | |||||||||
22 | Қазақстан жеріндегі ұлт- азаттық қозғалыстардың ұқсастығы, ерекшелігі | 1 | Тарихи талдау Эссе | |||||||||
23 | «Сібір қырғыздары туралы Ереже», «Орынбор қырғыздары жөніндегі Ереже» . Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы (ХІХ ғ. 40-60 жж.) 1867-1868 жылдардағы реформалар. 1886 -1891 жылдардағы «Басқару туралы ережелер...», Жетісуға ұйғырлар мен дұңғандардың қоныс аударуы. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан. Столыпиннің аграрлық реформасы және шаруалардың Қазақстанға жаппай қоныстануы | 1 | Тірек конспект, схемалар | |||||||||
24 | 1905-1907 жж. революция кезіндегі жұмысшылар және аграрлық қозғалыстар. Қазақстандағы панисламизм және пантүркішілдік, Қазақстандағы ұлттық- демократиялық қозғалыстар, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, бірінші дүниежүзілік соғыс. | 1 | Зерттеу жұмысы | |||||||||
ҮІІІ бөлім. Кеңестер билігіндегі Қазақстан (7 сағат) | ||||||||||||
25 | Қазақстанда кеңестер билігінің орнауы, Қазақстандағы ұлттық автономиялар, Түркістан (Қоқан) автономиясы, «Алаш» партиясы жетекшілерінің Орынбордағы ІІ Жалпықазақ съезін шақыруы (1917 ж. желтоқсан), «Алаш» қазақ облыстары автономиясының құрылуы, «Алашорда Халық Кеңесі» үкіметінің қызметі | 1 | Таныстырылымдар жобасы | |||||||||
26-27 | Азамат соғысы және шетелдік интервенция жылдарындағы (1918-1920 жж.). «Әскери коммунизм» саясаты, 1921 жылғы жұт пен аштық, Қазақстандағы шаруалар толқулары (1920-1922 жж.). Қазақ кеңес мемлекеттілігінің құрылуы, Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) (1921-1925 жж.), 1920-1930 жж. Қазақстандағы индустрияландыру. Қазақстандағы «Кіші Қазан». Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, күштеп ұжымдастырудың сталиндік моделі. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық, Қазақ шаруаларының қарулы көтерілістері және | 2 | Зерттеу жұмысы Кесте құру Оқиға болған жерден репортаж Өзекті интервьюлер | |||||||||
28 | Кеңес үкіметінің жазалау шаралары. 1937 – 1938 жылдардағы жаппай жазалау шаралары. | 1 | Тарихи талдау Эссе | |||||||||
29 | 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда 1946 – 1953 жж. «Хрущев кезеңіндегі» Қазақстан Қазақстандағы әскери-өнеркәсіптік кешен, атомдық полигонның салынуы, «Байқоңыр» ғарыш айлағы.«Тың эпопеясы» | 1 | Оқиға болған жерден репортаж Өзекті интервьюлер Кесте құру | |||||||||
30-31 | Теміртаудағы 1959 жылғы оқиға. 1965-1985 жж. саяси өмір және ұлттық саясат қарама-қайшылықтар. Ұлттық саясаттағы деформациялар, республикалардың егемендігінің шектелуі, 1979 ж. Целиноградтағы оқиға. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. 1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасы, Қарағанды кеншілері ереуілінің себептері мен сипаты. КСРО-ның таралуы | 2 | Зерттеу жұмысы | |||||||||
ІХ бөлім. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы және нығаюы (2 сағат) | ||||||||||||
32 | Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау, Республикасының Конституциялары; Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы, қоғамдық қозғалыстар және ұйымдар | 1 | Тарихи оқиғаларға маршрут картасын құрастыру | |||||||||
33 | Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік даму бағдарламалары, «Қазақстан – 2030» және «Қазақстан – 2050» стратегиялары, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары | 1 | Жарнамалық буклет жасау | |||||||||
34 | Қорытынды сабақ | 1 | ||||||||||