Тақырыбы:Икемді еңбек 1-сыныпқа арналған үйірме бағдарламасы Авторы: Майлыбаева Гаухар Бакытовна » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
" Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
январь
2021

Тақырыбы:Икемді еңбек 1-сыныпқа арналған үйірме бағдарламасы Авторы: Майлыбаева Гаухар Бакытовна

                                       Алматы облысы

                                        Алакөл ауданы

«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»коммуналдық  мемлекеттік   мекемесі








Тақырыбы:Икемді еңбек

1-сыныпқа арналған үйірме бағдарламасы

Авторы:Майлыбаева Гаухар Бакытовна

2016-2017 оқу жылы

















Үшарал қаласы 

Түсінік хат

Икемді еңбек үйірмесі сыныптан тыс уақытта мектеп оқушыларының негізгі шұғылданатын істерінің  бірі  болып табылады. Ол таңдаған салада практикалық іс-әрекетпен шұғылдануға ұмтылатын ерікті оқушыларды біріктіреді.Үйірме – бұл тек қана оқушылардың күштерін және шығармашылық ойлауды дамыту, бейімділік пен қабілеттілікті сынау орны ғана емес, болашақ өндірістің жаңашылдарын, ұтымды ұсынысшыларын және өнертабысшыларын, ғалымдарды және инженерлерді ұжымда тәрбиелейтін орын. Әрбір үйірмедегі сабақтарда реттілік, ұзақтық мерзімі және белгілі профиль жұмыстары сипатталады.Үйірме жұмыстарына қойылатын талаптардың ең маңыздыларының бірі - оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми қоғамының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене қатысуға себепші болуы тиіс.

  Үйірме жұмыстарының мазмұны мен ұйымдастырылуын мектептің оқу-тәрбие міндеттеріне бағындыру қажет.  Бұған тыңғылықты жоспарлаудың және нәтижелерді есепке алудың көмегімен қол жетеді.

          Үйірмедегі сабақ еңбек және эстетикалық тәрбиеге тәрбиелей отырып, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануды қажет етеді. Бастауыш сынып оқушыларына қажетті қолданбалы өнердің ең бастылары – қағазбен, табиғи және қалдық материалдармен және матамен жұмыстар бұл кең тараған сәндік-қолданбалы өнер болып табылады.   

    Үйірме бағдарламасы 1- сынып оқушыларына арналып жасалынған. Үйірме аптасына 1 рет, жылына  1 сыныпта жылына 33 сағат. Курстық бағдарламасының негізгі мазмұны  VІІ  бөлімнен тұрады.Балалар әр бөлім бойынша көрсетілген мақсатқа сай нақты материалдармен танысады. Берілген тақырыптарға сәйкес балалардың өз беттерінше ізденістері мен шығармашылықтары да жұмыс барысында жүзеге асады.

Сабақтарда ауызша, практикалық әдістер, көрнекіліктер қолданылады. Жұмыс формасы: ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар ұйымдастырылды. 
















Мақсаты:


Балалардың әр түрлі жасанды заттарды ойлап тауып, құрастырып, жасауда өз шеберліктерін көрсетуге шақыру. Үйірме арқылы пайдаланушыларды қолөнер түрлерімен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейту және ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіру, өнер саласындағы басылымдарды насихаттау. Оқушыларды білімдерін жүиелеп, шығармашылық қиялын арттыру. Тәрбиелік мақсатын дамыта отырып, оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа,еңбексүйгіштікке және үнемділікке тәрбиелеу.Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту. Үйірме барысында жүргізілетін әрбір іс әрекет оның ішінде ермексазбен жұмысжасау арқылы 1-сынып оқушыларының икемділігін арттырып қалыптасуына ықпал ету.




  Міндеті:  


Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету. Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу. Жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті дарынды оқушыларды тәрбиелеу.Баланыңеңбеккеқабілеттілігіндамытып, жетілдіру, еңбектісүюге баулу.

  • Баланы еңбеккемашықтандыруарқылыәскеикемділігін, іскерлік пен шеберлікдағдыларынқалыптастыру.
  • Еңбектішығармашылықпен, қызығушылықпенорындауға, еріктітүрдееңбекетугеүйрету.
  • Баланыңынта-ықыласын, икемділігін, талантынбағдарлап оны дамыту.
  • Баланыңөзін-өзітануқабілетінжетілдіружәнеоғанықпалжасау.
  •  Баланыңұлтықсанасынқалыптастыру, адамгершіліккетәрбиелеу.
  • Білімжәнетәжірибе  негізіндееңбектісапалы, өнімдіетіпжасауғажәнекәсібиеңбектүрі мен өнертануға баулу.
  • Атамұранықалыптастыружәнедамыту.
  • Баланыңбілімдеңгейін, іскерлікдағдыныигерудәрежесінжақсарту, оқытужүйесін жетілдіру.
  • Балағабілімалуғаоңтайлыжағдайжасау, жалқаулықтансақтандыру.
  • Бала еңбегінталдау, ынталандыру, насихаттау, мұғалім  меноқушының ара қатынасындатүсіністік пен сеніморнату.
  • Еңбектіңнәтижелілігінарттыру.


Күтілетін нәтижелер:

1. Оқушылардың физикалық және психологиялық күштері  нығайады; 

2. Бағдарламаны оқыған кезде және әр түрлі заттар мен бұйымдарды жасағанда жаңа білімді, икемділікті, дағдыны, шығармашылыққа, әсемдікті меңгереді.

3. Оқушылардың шығармашылық шамасы, рухтандырушылық қасиеті артады, көтеріледі, ашылады. 

4. Басқаның да өзінің де еңбегін бағалауды біледі.

5. Теориялық білімді практика жүзінде пайдалану дағдысын қалыптастырады.

6.Оқушылар өздігінен, өз күшімен жасаған бұйымдар мен туындыларының жемісін көреді, келешекте іскерлікке шыңдайды.










Бағдарлама мазмұны  (33 сағат)


1.Кіріспе (1 сағ.)


Бағдарлама мазмұнына кіріспе. 

Оқушылардың сабақ кезіндегі әрекеттеріне талап қою. 

Жұмыс орындарында тәртіпті сақтау. Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауға, құралдармен дұрыс жұмыс істеуге және практикалық жұмыс кезінде саусақтарға арналған жаттығулар жасалады.


2. Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу  (8 сағат).

Қағаз және қатырма қағаз түрлерімен шығару жолдарымен таныстыру.

Жұмыс кезінде оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелері мен тазалық-гигиеналық талаптарды сақтайды. Жұмыс барысында олар өлшейтін және тексеретін (бақылайтын) құралдарды пайдаланады (сызғыш, циркуль, үш бұрыш сызғышы т.с.с). Бұйымдар жасағанда олар қағазды өңдеп, арнайы құралдарды қолданып жұмыс істейді. .

Қағазбен жұмыс жасау барысында түрі бұйымдар құрастыру, ыдыс-аяқтарды мүсіндеу, безендіру үйретіледі

«Мозайка» техникасымен таныстыру жасалу жолын көрсету.

«Күзгі бақ» аппликациясын жасалу жолын көрсету.Оригами.Қағазды бүктеу арқылы мысық жасауда бүктелу ретін түсіндіру.

Папье-маше жасаутехникасымен таныстыру жұмыстарын жүргізу.



3. Матамен жұмыс (6 сағат).

Мата түрлерімен таныстыру

Жапсырмалау жұмысы бөлімінде қағаз, мата,ермексаздан дөңгелек жасау, оны жалпайту, «шұжық тәрізді» созу әдістерін меңгерту. Жұмыс орнында материал мен құралдарды дұрыс орналастырып, қолдана білуге үйрету.
  Оқушылардың іске деген икемділігін, шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту.

 Түрлі-түсті қағаздан ертегілер әлемінен көрінісқұрастыруға үйретіледі.

Көктеп тігу. Жаттығу, машықтану,қол тігістерінің түрлерімен таныстыру, тігістің түрлерін тігуге жаттықтыру.

.«Жастықша» жұмсақ ине қадағыш тігу және дайындау технологиясымен таныстыру.

«Біздің аула» құрақ бастармасы (топтық жұмыс) ұйымдастырылады.

4. Табиғи материалдармен жұмыс (5 сағат).

Табиғи материалдардың сан түрлерімен таныстыру.

Табиғи материалдармен жұмыс істеу кезінде  оларды әдемілікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, табиғатты аялауға, ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге ұйымдастыру.

Кепкен жапырақтардан гербарий жасау.Қарағай бүршігі немесе шырша бүршігінен жануарлардың мүсінін жасау.«Табиғат сыры» атты икебана жасау  (топтық жұмыс) .Мозаика «Аквариумдағы балықтар» (ұсақ тастарды, дәндерді, жапырақтарды қолданып) ұйымдастырып құрайды.

5. Ермексазбен жұмыс істеу (5 сағат).

Ермексазбен жұмыс жасау барысында дөңгелек жасау, оны жалпайту, «шұжық тәрізді» созу әдістерін меңгерту. Жұмыс орнында материал мен құралдарды дұрыс орналастырып,қолданабілугеүйрету.
  Оқушылардың іске деген икемділігін, шығармашылық қабілеттерін, қиялын жүзеге асыру.

Мүсінші – сәулет өнерінің маманы туралы әңгімелеу.

Үлгіге қарап жан-жануарларды  мүсіндеу жұмыстары жүргізіледі.

6. Қалдық заттармен жұмыс(5 сағат)

Қалдық заттар  туралы әңгіме жүргізу.Олардыңзияны мен пайдасы туралы әңгімелеу.

Қалдық материалдардыпадаланып жапсыру арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып және оларды жүзеге асырады. 

Қарындаш қалдығымен жұмыс «Айдарлы әтеш».Түймелерден мазайка құру.Әртүрлі қораптарданқалам салғыш жасау,

жұмсак темірден алқа жасау жұмыстарын жүргізеді


7. Қорытынды сабақ  (3 сағат).

Шығармашылық жұмыстар көрмесі

Оқушылардың жоспар бойынша жүргізілген жұмыстарының көрмесін ұйымдастыру.Ең үздік жұмыттарды анықтау .




















Икемді еңбек үйірмесінің күнтізбелік жоспары


1-сынып(аптасына 1 сағаттан 33 сағат)




р/с


р/с


Сабақтың тақырыбы


Сағат саны


Мерзімі




1. Кіріспе   (1 сағат)



1

1

Оқушылардың сабақ кезіндегі әрекеттеріне талап қою.  

1





2. Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу  (8 сағат).



2

1

Қағаз және қатырма қағаз түрлерімен,шығару жолдарымен таныстыру.

1


3

2

Мозайка құру техникасымен таныстыру

1


4

3

«Мозайка» күзгі жемістер

1


5

4

«Күзгі бақ» аппликациясын жасау

1


6

5

 Аппликация арқылы ашық хаттар жасау

1


7

6

Оригами .Мысық,тышқан  жасау     

1


8

7

Папье-маше жасау техникасы

1


9

8

Папье-маше арқылы ыдыс жасау

1





3.Матамен жұмыс (6 сағат)



10

1

Мата түрлерімен таныстыру

1


11

2

Көктеп тігу. Жаттығу, машықтану 

1


12

3

«Жастықша» жұмсақ ине қадағыш тігу және дайындау технологиясы 

1


13

4

«Жастықша» жұмсақ ине қадағыш тігу және дайындау технологиясы 

1


14

5

«Біздің аула» құрақ бастармасы (топтық жұмыс)  

1


15

6

«Біздің аула» құрақ бастармасы (топтық жұмыс)  

1





4. Табиғи материалдармен жұмыс(5 сағат)



16

1

Табиғи материалдардың сан түрлерімен таныстыру

1


17

2

Кепкен жапырақтардан гербарий жасау

1


18

3

Қарағай бүршігі немесе шырша бүршігінен 


жануарлардың мүсінін жасау

1


19

4

«Табиғат сыры»икебана жасау

1


20

5

Мозаика «Аквариумдағы балықтар» (ұсақ тастарды, дәндерді, жапырақтарды қолданып)

1




5. Ермексазбен жұмыс істеу (5 сағат).



21

1

Мүсінші – сәулет өнерінің маманы.

1


22

2

Себеттегі жемістерді  мүсіндеу

1


23

3

«Құмырадағы гүл» ермексазбен әйнекке бастырма жасау (үлгі бойынша)

1


24

4

«Құмырадағы гүл» ермексазбен әйнекке бастырма жасау (үлгі бойынша)

1


25

5

Үлгіге қарап жан-жануарларды  мүсіндеу

1




6. Қалдық заттармен жұмыс(5 сағат)



26

1

Қалдық заттар туралы әңгіме,зияны мен пайдасы

1


27

2

Қарындаш қалдығымен жұмыс «Айдарлы әтеш»

1


28

3

Түймелерден мазайка құру

1


29

4

Әртүрлі қораптардан қалам салғыш жасау

1


30

5

Жұмсақ темірден алқа жасау

1




7. Қорытынды сабақ  (3 сағат).



31

1

Шығармашылық жұмыстар көрмесі

1


32

2

Шығармашылық жұмыстар көрмесі

1


33

3

Шығармашылық жұмыстар көрмесі

1






Пайдаланылғанәдебиеттер:


1. Интернет желісі

2. «Балаларға базарлық»көркемсуретті энциклопедия-Алматы 2013ж

3. Жабин .О.Лучшиеидеии для домашней мастерской Ярославль 2010

4. Перевод с польского М. Прушковской. Поделки и сувениры из соленого теста, ткани, бумаги и природных материалов. Москва. Мой Мир.2006

5. Құрастыру және қол еңбегі (әдістемелік нұсқау) Алматыкітап 2003 Ф.Жумабекова, А. Ойшыбаева

6. Еңбекке баулу (оқыту әдістемесі) Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған. Алматы. «Атамұра» 2012ж Т.Оралбекова

7. Раупова Н.А. Жалпы білім беретін   мектептің 1-сыныбына арнплған оқулық.Алматы Атамұра .Алматы Атамұра 2016 ж

8. Айдарова.З.Бейнелеу өнері»дидактикалық материалдар 

9. Қазақ мәдениеті.Энциклопедиялық анықтама. Алматы Аруна  2005

10. Бельтюкова .Н.Папье-маше «Книгас картинками о технике » Питер 2015

11. Еңбекке баулу (дидактикалық материалдар) Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған. Алматы. «Атамұра» 2000ж К.Өстеміров, Б.Қалназаров, Д.Әлмағамбетова

12. Новые игрушки своими руками. Художник-конструктор С. Долгов. Москва. «Стрекоза-Пресс»

13.Әбдіғапбарова Ұ.Қазактың ұлттық ою өрнектері.Алматы өнер 1995

14.Шумаева Т.В Аппликация.Үлестірмелі материалдар.Алматы кітап баспасы 2015 ж