Мектепалды даярлық сынып оқушыларына арналған «Ойна да, ойла» факультатив бағдарламасы Авторлар: Абишева Сая Сейітқызы, » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
" Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
январь
2021

Мектепалды даярлық сынып оқушыларына арналған «Ойна да, ойла» факультатив бағдарламасы Авторлар: Абишева Сая Сейітқызы,

Алматы облысы

Алакөл ауданы

«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Мектепалды даярлық сынып оқушыларына арналған 

«Ойна да, ойла» факультатив 

бағдарламасы






Авторлар:   Абишева Сая Сейітқызы,  

Омерзакова Айгуль Хасенқызы



2016-2017 оқу жылы












Үшарал қаласы 2017

Кіріспе

     «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тәрбие мен білім беру бағдарламасы», «Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын» басшылыққа алып отырып өскелең ұрпаққа білім, білік дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жан-жақты оқыту үрдісінде қарастыру. 

     Еліміздің болашағы саналатын ұрпақ тәрбиесінде, оқу үрдісінде өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің, нарықтық экономика кезеңінің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілетін, шығармашылық, кәсіби біліктілігі мен білімділігін керек ететіні белгілі.

   Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында оң өзгерістер байқалады, оқыту мазмұны жаңарып, жаңа типті оқу орындары көбеюде. Мұнда балаға  табиғатынан берілген тума қасиеттерінің қоғамдық саяси әлеуметтік жағдай, іс-әрекет пен қарым-қатынас сияқты негізгі күштермен өзара ұтымды байланысы арқылы саналы азаматтық көз-қарасының қалыптасуына мүмкіндік беріледі.

    Әр бір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өміріндегі үздіксіз оқу-тәрбие үрдісінің ғана жемісі болып табылады.   

    Оқу-тәрбие процесінде баланың жан-жақты дамуына, мінез-құлық ережелерін дұрыс қалыптастыруына, олардың өз бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін көре біліп, өзін-өзі тәрбиелеуге жағдай жасау бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр.

    Мектеп жүйесіндегі ең маңызды кезеңнің бірі – мектепалды даярлық кезеңі, мұнда оқыту іс-әрекетінің негізгі компоненттері қалыптасады. Баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі, жетекші түрмен сипатталады. Бұл мәселені теориялық және практикалық жоспарда зерттеген жұмыстар көп, олардың әрқайсысы оқытудың бала психикасын дамытуға әсерін әр түрлі жолмен түсіндірілген. Өзекті мәселенің бірі – мектепалды даярлық сынып оқушыларына белгілі білімді меңгертіп қана қоймай, баланы, оның танымдіқ іс-әрекетін дамытуға негіз болатын педагогикалық-психологиялық қосалқы бағдарлама арқылы оқыту көзделеді. Бұл мәселемен айналысқандар: В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.И.Айдарова, З.И.Калмыкова, Л.В.Занков, А.Л.Венгер, К.М.Гуревич, Т.Г.Богданова, Т.Б.Корнилова, Н.Р.Битянова, Т.В.Азарова, Э.И.Афанасьева, Н.Л.Васильева, қазақстандық психологтар Х.Т.Шериязданова, Т.И.Суркова, С.Т.Бусурманова, Х.Т.Наубаева, Н.Қ.Тоқсанбаева.

Осы ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектепалды даярлық сынып оқытушылар мен психологиялық қызметтің  мектепалды даярлық сынып оқушыларына арналған «Ойна да, ойла» бағдарламасын ұсынады.

Бұл бағдарламаның өзектілігі: баланы мектепке психологиялық тұрғыда дайындау  мектепке дейінгі қызметкерлер, ата-аналар мен психолог мамандардың бірлестігінің негізінде жүзеге асады.

Көпшілік ата-ана бала мектепке барғанша хат танып, жазып, санап барса – бұл ең басты мәселе деп ойлайды. Бірақ, бұл баланың мектепке барған соң өте жақсы оқып кетуінің негізгі кепілі болып саналмайды. Оқып-санап, жазып барған баланың өзі кейде ынтасы түсіп, оқуға қызығушылығы болмайтын кездері болады. Соның негізгі себебі сабаққа зейінін шоғырландыра алмауы. Селсоқ, салдыр-салақ, оқу материалдарын қалай болса солай тындайтын, тапсырманы өз бетінше орындау кезінде логикалық ойлауы төмендігінде, есте сақтау тәсілдерін білмегендіктен, таным үрдістері өз дәрежісінде толық дамып жетілмегендіктен деп есептелінеді.

Сол себепті «Ойна да, ойла» бағдарламасы балалардың танымдық белсенділігін, зейінділігін, пайымдауын, талдап салыстыру, жалпылау мен ерекше белгілеріне қарап ажырату дағдыларын қалыптастыруға негіз болады.





























Т Ү С І Н І К  Х А Т


  Жас және педагогикалық психологияда мектепалды даярлық сынып  жасының өзіндік орны бар. Бұл жаста оқу іс-әрекетіне дайындық, психикалық функцияның еріктілігі құрылады, рефлексия туындайды, өзін-өзі бақылауы ерекшеленеді, ал әрекет ішкі жоспармен арақатынаста болуды бастайды. Мектепалды даярлық сынып  оқушыларының бірте-бірте ой өрісінің қалыптасуымен заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза білу қабілеті, құрбылары арасында ойын дәлелдеуге үйретеді. Ол не болса соған көнбейді, өзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Ол үшін  бала тиісті жүйелерге логикалық негіздерге сүйенеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне, не ісіне талдау жасап, сын көзбен қарайды. Әркімнің өз пікіріне, не ісіне талдау жасап cын қарауды рефлексияның қарапайым түрі деп атауға болмайды.

 Мектепалды даярлық сынып оқушылары «ойын баласы» деп есептелетін бұл жастағы шәкірттердің оқу-білімге қызығуы, өзіндік еңбектің қарапайым түріне үйренуі, айналадағы қоғамдық өмірді танып, білуі ойын арқылы іске асады. Ойын – оқушының ой-өрісін, қиял сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін, еркін пікір алысу, диалог, монолог түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастырады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын негізінде баланың қоғамдық әлеуметтік сезімі оянады.      

    Бала өзін еркін, қажетті адам ретінде сезінетіндей   психологиялық жағдайды орта қалыптастыру   қажет. Ондай жағдайларды тудыруда психокоррекциалық  ойын, сергіту сәті, жаттығулар және тренингтердің ролі зор. 

       Ұсынылып отырған әлеуметтік танымдық ойын-жаттығулар осындай күрделі де маңызды  мәселені шешуді мақсат етіп отыр.

Ойын-жаттығуларын жүргізу барысында мынандай жағдайлар жасалуы                       қажет.

  •  Жаттығулар жүргізілетін бөлме баланың еркін отырып тұруына жағдайды, алаңдататын кедергілерден аулақ жабық бөлмеде өтіледі.
  • Жүргізуші тарапынан ақыл айту, қорқыту, бағалау, тыйым салу рұқсат етілмейді. Балаға өздігінше әрекет жасау еркіндігі көп беріледі. Тек ойын аяқталғанша ойын өтіліп жатқан бөлмеден шығуға, бір-біріне дөреклік әрекет жасауға тыйым салынады.
  • Ойын өтілу уақыты бала санына байланысты 20-25 минут. Бір топтағы бала саны 20-дан аспау қажет. 
  • Баланың өз белсенділігі   басым болуына жағдай жасалады. Көмек көрсету, тағы басқа рұқсат етілмейді.








«Ойна да, ойла» бағдарламасы


Ұсынылып отырған бағдарлама мектепалды даярлық сыныптарында вариативтік сағат ретінде мектепалды даярлық  оқытушыларына, үйірме ретінде психолог мамандарға, бастауыш сынып мұғалімдеріне,   ұзартылған күн тобына арналған. 


Бағдарлама мақсаты:

5-6 жасар баланың ойын арқылы таным қабілеттерін дамыту.


Бағдарлама міндеттері:

  1. Баланың қызығушылығын, еркінділігін, қарым-қатынасын нығайту.
  2. Талабын, ынтасын, айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру.
  3. Психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау, зейінін тұрақтатуға дағдыландыру).
  4. Ерік, жігер сезімін дамыту.


Болжам: 

Баланың бойында өзінің іс-әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап ойластырып әрекет етуге қабілетті, белгілі бір мақсатқа жетудің әр түрлі жолдарын, бағыттарын, әдіс-тәсілдерін шешуге дайын оқушы қалыптасады. 



Бағдарлама15-20 оқушыдан құрылған 5-6 жасар балаларға (мектепалды даярлық сынып оқушыларына және 1-2 сынып оқушыларына) арналған. Жоспарланған сағаттардың жалпы көлемі сабақтардан кейін аптасына 1 рет өткізілетін әр қайсысы 25 минуттық 32 сағатты құрайды.



















Бағдарлама мазмұны:


  1. Тарау 8 сағаттан тұрады.

Қабылдауды дамытуға арналған жаттығулар.  Бұл бөлімде балалардың  фонематикалық дұрыс дыбыстауды дамытуға, геометриялық   пішіндерді ажыратуға, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін білуін, заттарды салыстыра білуін, сенсорлық қабілеттерін дамытуға арналған ойын-жаттығулар қарастырылған. «Мен кіммін?», «Есімім», «Не ұнайды, не ұнамайды?», «Ине мен жіп», «Бұл қашан болады?», «Не қалай дыбыстайды?» «Пішіндерден заттарды құрастыр» жаттығулары жүргізіледі. 

  1. Тарау 7 сағаттан тұрады

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар. Есте сақтау (қысқа мерзімді,  ұзақ мерзімді) дамыту жаттығулар қарастырылған. «Сиқырлы саусақтар», «Менің елім», «Сөзді есіңе сақта», «Ойыншақтар әлемі», «Сөз моншақтар», «Көкөністерді жина» ойын-жаттығулары орындалады. 

  1. Тарау 5 сағаттан тұрады

Зейінін тұрақтатуға арналған жаттығулар. Зейінді шоғырландыру дағдысын қалыптастыруға, зейіннің көлемін ұлғайту дағдысын дамытуға арналған жаттығулар қарастырылған. «Айна», «Балалар сендердің көңіл-күйлерің қандай?», «Шапалақ», «Қанша дыбыс естідіңдер», «Дайын бол!», «Зейінді бол!» ойындары жүргізіледі.

  1. Тарау 7 сағаттан тұрады

Ойлауды дамытуға арналған жаттығулар. Көрнекі-әрекеттік ойлауды, көрнекі-бейнелілік ойлауды, сөздік-логикалық ойлауды дамытуға арналған жаттығулар қарастырылған. «Логикалық есеп», «Көңілді сөз», «Ойлан, да аяқта», «Қарама-қарсы сөзі ата», «Болған жағдайды бағалау», «Әріпті тез жалғастыр» жаттығулары жүргізіледі.

  1. Тарау 5 сағаттан тұрады

Қиялды дамытуға арналған жаттығулар. Сөздік қиялды, көру қиялды, іс-әрекеттік қиялды дамытуға арналған жаттығулар қарастырылған. «Қиял жалғасы», «Жаңа ертегі», «Теңіз жағасындағы түс», «Сиқырлы дөңгелектер», «Мен сөйлеймін», «Тіл – адамдармен қарым–қатынас жасаудың бір құрамы» тапсырмалары орындалады.











«Ойна да, ойла» бағдарламаның күнтізбелік тақырыптық 

ЖОСПАРЫ

р/с

Тақырыбы

Мақсаты

Сағат саны


1 тарау. Қабылдауды дамыту 

8

1

Танысу ойындары: 

«Мен кіммін?»,«Есімім»,«Не ұнайды, не ұнамайды?»

Балаларды бір-бірімен жақын таныстыру. Қарым–қатынаста өзін еркін сезінуге үйрету. Ішкі эмоциялық тежеуіштерге түрткі салу. Ырықты зейінді дамыту.

1

2

«Ине мен жіп» 

Топ ішінде бір-біріне дұрыс көз-қарас қалыптастыру,  басқаның көңіл–күйімен санасуды үйрету. Қабылдауды жаттықтыру.

1

3

«Бұл қашан болады?»

Жыл мезгілдердің ерекшеліктерін ажырата білу, айларды атау, апта күндерін білуге үйрету.

2

4

«Не қалай дыбыстайды?»

Фонематикалық қабылдауды дамыту

2

5

«Пішіндерден заттарды құрастыр»

Геометриялық пішіндерді қабылдауды дамыту, қиялды дамыту.

2


2 тарау. Есте сақтауды дамыту


7

1

 «Сиқырлы саусақтар», «Менің елім»

Топта достық қарым–қатынас қалыптастыру, татулыққа шақыру, ұйымшылдыққа үйрету. Еске сақтау қабілетін,байқағыштықты дамыту.

2

2

«Сөзді есіңе сақта»

Есту есін дамыту, есте сақтау жолын үйрету.

2

3

«Ойыншақтар әлемі», «Сөз моншақтар».

Еске сақтау қабілетін,байқағыштықты дамыту. Пішін, көлем түр-түсін сипаттай білуге баулу.

2

4

«Көкөністерді жина»

Еске сақтау қабілетін,байқағыштықты дамыту. Пішін, көлем түр-түсін сипаттай білуге баулу

1


3 тарау. Зейінді дамыту


5

1

 «Айна», «Балалар сендердің көңіл-күйлерің қандай?»

Зейінін шоғырландыру, байқағыштығын дамыту. Көңіл-күйлерін бақылауды үйрету

2

2

«Шапалақ»,«Қанша дыбыс естідіңдер».

Зейінді, еске сақтау қабілетін жаттықтыру. Өзін қоршаған ортаға, төңірегіндегі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

1

3

«Дайын бол!», «Зейінді бол!»

Зейінін шоғырландыру, байқағыштығын дамыту.

2


  • тарау. Ойлауды дамыту


7

1

 «Логикалық есеп», «Көңілді сөз»

Логикалық ойлауды дамыту. Өз ойын дұрыс, грамматикалық тұрғыда  айқын,қажетті әуенмен айта білуге үйрету.

2

2

«Ойлан, да аяқта», «Қарама-қарсы сөзі ата»

Сөздік қорын байыту, пайымдау қабілетін дамыту

2

3

«Болған жағдайды бағалау»

Сөздік ойлауды, қиялды дамыту. Шешім қабылдауды үйрету

1

4

«Әріпті тез жалғастыр»


сөздік қорын молайту.


2


5 тарау. Қиялды дамыту

5

1

 «Қиял жалғасы», «Жаңа ертегі»

 Бала қиялын, зейінін, қимыл қозғалыс шапшаңдығын дамыту. Өз ойын жеткізе білуге талпындыру


2

2

 «Теңіз жағасындағы түс», «Сиқырлы дөңгелектер»

Сөздік қиялды дамыту, елестету, сезіне білуді қабілеттерін дамыту.

2

3

Мен сөйлеймін

 «Тіл –адамдармен қарым –қатынас жасаудың бір құрамы», 

Тіл мәдениетіне үйрету, адамдармен дұрыс қарым –қатынас жасауда тілдің атқарар ролін түсіндіру,

1


Барлығы:


32

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


1.     Алдамұратов Ә.Ж. Оқушылардың грамматикалық ұғымдарын меңгеру психологиясы: пғқ дис.автореф. - Алматы, 1993, 25б.

2.     Аасамаа И. Әдептен озбайық, -Алматы «Рауан», 1990.

3.     Әмірова Ә. Дәстүрлі тәрбие: әдістемелік құрал, -Алматы, 2006.

4.   Баймұратова Б. Алты жастағы балаларды оқыту мәселелері, -Алматы, «Мектеп», 1986.

5.     Бодалев А.А. Личность и общении. –М.: Педагогика, 1983.

7.     Битянова М.Р., Азарова Т.В. Работа психолога в начальной школе. –М.: изд-во «Совершенство», 1998, 352б.

8.     Венгер А. Л. Психологические рисуночные тесты. – М.: Владос –пресс, 2003, 160с.

9.     Гальперин П.Я. К исследованию интеллектуального развития ребенка. //Вопросы психологии, 1996//.

10.Грабал В.Л. Некоторые проблемы мотивации учебной деятельности учащихся //Вопросы психологии, 1987, №1//

11.Ермекбаева Л.Х., Нығметова Қ.Н. Мектеп жасына дейінгі балаларды зерттеу әдістері.

12.Ешанова Т. Мектепке деінгі мекеме мен бастауыш буын  арасындағы сабақтастық //Бала мен балабақша, 2011, №7//  

13.Капенова А.А. Мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Оқу құралы: Талдықорған, 2009, 98 бет.

14.Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. – Алматы: Ана тілі, 2000, 166 б.

15. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психолгия, -Алматы, 1982.

16.Тоқсанбаева Н.Қ. Танымдық іс-әрекетке кіріспе, -Алматы, 2010 – 136б.

17. Шерьязданова Х.Т. Учите детей общению, Алматы: Рауан, 1992, 108с.