01
сентябрь
2023
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты маңызды Жолдауында осыған дейін жүзеге асқан жұмыстарды қорытындылады.
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты маңызды Жолдауында осыған дейін жүзеге асқан жұмыстарды қорытындылап, алдағы жаңа мақсат-міндеттерді нақтылады. Бүгінгі 1-қыркүйек білім күнімен тұспа-тұс келген Пезидентіміздің Жолдауында Үкімет алдына қойған міндеттері ретімен нәтиже беріп келеді және болашақта да сеніміміз мол. Биылғы Жолдауда да бірнеше тапсырма берді. Оның ішінде, білім саласына қатысты айтқан бастамалары көңіл қуантады. Атап айтсам табысты ұлт болудың маңызды шарты- орта білімнің сапасы деді. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс екенін айтып өтті. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғанын айта келе апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысыммен оқитын мектептер мәселесі шешілетіні оқушылар мен ұстаздар қауымын қуантатыны сөзсіз.
Сонымен қатар мектеп формасын барлық оқушыларға қолжетімді ету маңызды екенін айтты. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға оны бюджет есебінен беру қажет екенін айта келе, мектеп формасына арналған мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімдеу керектігіне тоқталды. Бұл да санаттағы отбасыларға мемлекет тарапынан үлкен көмек, үлкен қолдау болары айқын. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалғанын, әлі де біршама өзгерістер жасау қажет екенін айтты. Қазақ және орыс тілін мектепте оқыту мәселесін айта келе біз екі тілді де жақсы білетін балаларды тәрбиелеуіміз керек екенін баса айтты. Себебі білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басатыны бәрімізге де белгілі. Мен өзім де білім саласында өз үлесімді қосып жүргеннен кейін мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдауларға ризамын және болашаққа сеніммен қараймын.