19
январь
2024
"Білім сапасын арттырудағы кедергілер және оларды шешу жолдары" атты оқыту семинары

2024 жылдың 19 қаңтар күні «Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясында» "Білім сапасын арттырудағы кедергілер және оларды шешу жолдары" атты оқыту семинары өтті. Семинар мақсаты туралы ДОІЖ орынбасары Ниязова Айгуль Киыкпаевна айтып, жұмыс тобымен таныстырды. Семинарда гимназиядағы тәжірибелі ұстаздар, шығармашылық топтың мүшелері математика пәнінің мұғалімі Адибасова Гульняз Айткалиевна, бастауыш білімдер негізі мұғалімі Оқапова Айсұлу Жеңісқызы, орыс тілі пәнінің мұғалімі Мухамедсыдыкова Асель Адиловна, бастауыш сынып мұғалімі Машаева Жанар Турғанбаевна, география пәнінің мұғалімі Смагулова Айсұлу Амангельдыевна жас мамандарға әдістемелік көмек беру, төмен білім көрсеткен оқушылармен жұмыс істеу әдістерімен бөлісу, тәжірибе алмасу; кеңестер беру сияқты жұмыстарын ұсынды. Семинарға қатысушы ұстаздар кері байланыс беріп, өз қоржындарына алған тиімді тұстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Оқыту семинарының соңы қызу пікір алмасумен аяқталды.