12
апрель
2024
Хасенова Галима Токишевнаның кәсіби іс- тәжірибесі республика көлемінде таратылды.
2024 жылдың сәуір айының 12-13-і күндері ауданымызда алғаш рет «Цифрлық дәуірде мұғалімдердің кәсіби құзыретттерін тұрақты және жүйелі түрде дамыту мәселелері» тақырыбындағы Бірінші республикалық конференциясы өтті. Республикалық конференцияда «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Ы.Алтынсарин мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар қазақ гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Хасенова Галима Токишевнаның кәсіби іс- тәжірибесі республика көлемінде таратылды.