02
декабрь
2024
«Бірлік және ынтымақ құндылығы» тәрбие сағаты





«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия»КММ.
2024 жылдың 2 желтоқсан күні «Бірлік және ынтымақ» құндылықтары мен «Қауіпсіздік» мәселелері бойынша тәрбие сағаты өтті.Оқушыларымыз бірлік пен ынтымақтың қоғамдағы маңыздылығын, өзара көмек көрсету мен жауапкершіліктің үлкен рөл атқаратынын түсінді. Бұл құндылықтар еліміздің жарқын болашағының негізі болып табылады.
Сонымен қатар, қауіпсіздік тақырыбы да назардан тыс қалмады. Оқушылар өз өмірінде және қоғамда қауіпсіздікті сақтау, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жөнінде маңызды ақпарат алды.
Бірлік пен қауіпсіздік — қоғамның негізі!