11
декабрь
2024
Тұрсынбаев Алмас Саматұлымен кездесу

Тұрсынбаев Алмас Саматұлы – Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы!
Жас болса да білім саласында үнемі жаңашылдықпен, ізденімпаздықпен еңбек етіп жүрген Тұрсынбаев Алмас Саматұлы “Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы” жобасын аяқтап, республикалық кадр резервіне қабылданды. Бұл үлкен жетістік. Біз үшін мақтаныш!
Алмас Саматұлы «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп -гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжым мүшелерімен кездесіп, курстан алған іс-тәжірибесімен бөлісті.
Кездесуге Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы А.Ибраимов қатысып, Тұрсынбаев Алмас Саматұлын әріптестерге үлгі ету мақсатында ұстаздық еңбегінің бүгінгі күнге дейін жетістіктерін айтты. Қоғам дамуының ең басты шарты – креативті тұлға тәрбиелеу десек, сол креативті тұлғаны тек креативті ұстаз ғана тәрбиелей алады. Олай болса, Алмас Саматұлы әрдайым ізденісте болып, шәкірт жанына нұр ұялата алатын жан екеніне кездесу барысында көзіміз жетті.
Алмас Саматұлының бұл бастамасы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының ұжымына, әсіресе жастар қауымына үлкен сенім ұялатып, болашаққа нық қадам жасауларына себеп болды.
Алмас Саматұлына тек сәттілік тілейміз!