15
январь
2025
Нарколог маманмен кездесу

«Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия»КММ.
2025 жылдың 15 қаңтар күні мектебімізде нарколог маманмен маңызды кездесу өтті. Кездесу барысында нарколог маман наркотиктердің түрлері мен олардың адам денсаулығына әсері туралы айтты. Сонымен қатар, наркологиялық тәуелділік пен оның ауыр салдары туралы ақпарат берді.
Наркотиктердің түрлері:
• Героин, кокаин, марихуана, МДМА – психоактивті заттар, олардың барлығы адамның денсаулығына өте қауіпті.
• Тұрақты қолдану адамның психикалық жағдайына зиян келтіріп, тәуелділікке әкеледі.
Наркотиктердің зияны:
• Психикалық аурулар, жүрек-қан тамырлары проблемалары, өмірлік органдардың зақымдануы.
• Ерте диагностика мен көмек көрсету тәуелділіктен арылуға мүмкіндік береді.
Маңызды ескерту: Наркотиктерден аулақ болу – денсаулықты сақтаудың ең дұрыс жолы! 