16
январь
2025
Әдістемелік қолдау көрсету апталығы аясында сынып жетекшілерге арналған семинар өткізілді.

«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия» КММ-де 2025 жылдың 15 қаңтар күні мектеп әкімшілігінің әдістемелік қолдау көрсету апталығы аясында сынып жетекшілерге арналған семинар өткізілді.
Семинар барысында:
1.Сынып жетекшілерді қолдау / ТІЖО Б.Мухаметкалиева/
2.64 қаулыға қатысты толық ақпарат / ТІЖО Ж.Тәуімбетқызы/
3. Әлеуметтік педагогтың статустағы оқушылармен жұмыс жүргізу бағыттары. /Әлеуметтік педагог Т.Бекдау/
4. «Витальді интеллект» Мұғалімдермен оқушылар арасындағы қарым-қатынас. /Әдеп және құқық жөніндегі ментор А.Заманбекқызы/
•Семинар барысында сынып жетекшілерге 64 қаулы бойынша толық ақпарат ұсынылып, сынып жетекшілерге оқу-тәрбие процесін жетілдіру, тәрбие жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыру жолдары түсіндірілді.Семинар барысында тәжірибелі сынып жетекшілер өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, жас сынып жетекшілерге әдістемелік көмек берді.
•Мектеп- гимназия директоры Г.Хасенова сынып жетекшілерге оқушылар қауіпсіздігі, әлеуметтік жағдайлары, ата-анамен тығыз және тұрақты байланыс жасау, мектеп формасы, оқушы ережесі туралы туралы қосымша ақпараттарға тоқталып өтті.