14
май
2025
«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында TEPX форматында кездесу
«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия» КММ-де 2025 жылдың 14 мамыр күні «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында TEPX форматында кездесу өтті.Іс-шара барысында дінтанушы-психолог Қанат Маратұлы 9–11 сынып оқушыларына дәріс оқыды. Кездесу барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны, оның алдын алу жолдары, адами құндылықтар мен адалдық қағидалары кеңінен түсіндірілді.