28
май
2025
«ҮЗДІК МЕКТЕП -2025»
Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың мамыр айының 23-і күні 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың «ҮЗДІК МЕКТЕП -2025» марапатын «Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрілігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» РММ маманы Гүлжазира Амангельдиновна арнайы келіп салтанатты жиында табыстады. Бұл жетістік біздің ұжым үшін, аудан, облыс үшін үлкен нәтиже. Себебі гимназиямыз Жетісу облысы бойынша үздік 5 мектептің қатарына , Республика бойынша 100 мектептің қатарына ену – бұл біздің шығармашыл ұстаздарымыздың, жан- жақты білімді оқушыларымыздың еңбегі және ата-аналарымыздың қолдауы деп білеміз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші гимназиядағы үштік мұғалім, оқушы және ата-ана бірлескен, жоспарлы жұмыстың нәтижесі.Осындай қуанышты, елеулі күнде ұстаздарымызға , оқушыларымызға шығармашылық табыс, ата-аналарымызға белсенділік тілей отырып, гимназия әкімшілігі атынан алғыс айтамыз.