09
июнь
2025
“Күншуақ” мектеп жанындағы лагері
🎉 «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия» КММ
“Күншуақ” мектеп жанындағы лагері
📅 1-кезең, 5-күн – 2025 жылдың 9 маусымы
Бүгінгі күн 🌞 оқушыларды қабылдап, түгендеуден басталды ✅.
👩⚕️ Мектеп медбикесі Ж. Уркимбаева балалардың дене қызуын тексерді 🌡️.
📋 Жоспар бойынша:
🤸♂️ Дене шынықтыру мұғалімі М. Енсебаев балаларға сергіту жаттығуларын жасатып, қимылды ойындар ойнатты 🎯🏃♀️.
🎬 Тәрбиеші Н. Әбішева балаларға арналған “Менің атым Қожа” фильмін көрсетті — балалар тамсана тамашалады 🍿😊.
🧠 Психолог А. Өмерзакова “Досыңа қуаныш сыйла” атты қызықты психологиялық тренинг өткізді 🤗💬.
💃 Би үйірмесі жетекшісі Г. Болатханқызы балаларға өзбек биін үйретіп, көңіл-күйді көтерді 🎶✨.
🌿 Тәрбиеші А. Оқапова балалармен бірге табиғат аясында экологиялық бағыттағы жұмыс жүргізіп, табиғи материалдардан жапсырмалау жасатты 🍂🎨.
Балалар бүгінгі күннен керемет әсер алды 💖 және үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен оралды 🏡😊.