Бос лауазымға конкурс » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
" Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
август
2025

Бос лауазымға конкурс

«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия»коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі бос лауазымдық орындарға конкурс жариялайды:
 
1.Музыка пәні мұғалімі - тұрақты 
 
2.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары уақытша
 
3.Бастауыш сынып мұғалім - уақытша
 
4.Ағылшын  тілі пәні мұғалімі - уақытша
 
5.Физика пәнінің мұғалімі - уақытша

 6.Логопед-тұрақты 
 7.Дефектолог –уақытша
 Конкурстың өтетін күні – 20 тамыз, сағат 10.00
 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды  қағаз түрінде өткізеді.
 1) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы
 4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
 6) 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
 7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
 8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
 10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат CELTA (PASS A; DELTA Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
 11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
 12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.