Апталық жиын
2025 жылдың 8 желтоқсан күні Ы.Алтынсарин мектеп-гимназиясында апталық жиын өтті. Іс-шараларға белсенді қатысып, өз қабілеті мен еңбегін көрсеткен оқушылар мен ұстаздар арнайы марапатталды. Бұл іс-шараның мақсаты — оқу мен тәрбие үдерісіндегі үздік нәтижелерді атап өтіп, білім алушыларды жаңа жетістіктерге жігерлендіру.