Авторлық бағдарлама «1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуін психологиялық сүйемелдеу» Автор: Маманова Меруерт Маратовна » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2021

Авторлық бағдарлама «1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуін психологиялық сүйемелдеу» Автор: Маманова Меруерт Маратовна

Алматы облысы, Алакөл ауданы

«Үшарал қазақ гимназиясы

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемес




Авторлық бағдарлама

«1-сынып оқушыларының

мектепке бейімделуін психологиялық сүйемелдеу»





Автор: Маманова Меруерт Маратовна









Үшарал қаласы


 

Кіріспе


6-7 жастағы баланың мектепке бейімделуі – өте күрделі үдеріс болып табылады. Балалардың мектепке келу сәтінен бастап, психологиялық дамуының тұлғалық айырмашылықтары арта түседі. Баланың мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуі туралы айта отырып, балалар ортасына бейімделуі туралы сұраққа тоқтала кеткен жөн. Әдетте, бұл үрдістегі

қиыншылықтар балабақшаға бармаған, әсіресе отбасындағы жалғыз өскен балаларда көптеп кездеседі. Егер бұл балаларда әлеуметтік ортамен қарым- қатынаста жеткілікті тәжірибе болмаса, онда олар сыныптастарынан және мұғалімдерден, қалыпты қарым-қатынасты күтуі мүмкін. Сондықтан, мұндай балалар үшін жағдайдың күрт өзгеруі жиі стресcке әкелуі мүмкін, себебі, мұғалім барлық балаларға бірдей қарап, оған өзінің көңілін бөлмесе, оған аяушылық жасамағандай сезінеді, ал сыныптастары мұндай балаларды көшбасшы есебінде қабылдауға асықпайды және оған көнгілері келмейді.

Дезадаптацияның алдын алуда ең тиімді тәсілі, балалармен жүргізілетін топтық жұмыс. Мұндай топтық жұмыс түрінде жүргізілген түзете-дамыту сабақтары жақсы нәтижеге қол жеткізеді және бірінші сыныптың бастапқы оқу кезеңінде жүргізген дұрыс. Осындай сабақтар баланың мектепке қолайлы бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесінде оның одан әрі қарай сәтті дамуына үлкен көмегі тиеді.

Оқушының ортаға деген оң микроклиматын қалыптастыру арқылы, жағымды атмосфера, эмоционалдық жайлылық, балалар арасында өзара құрметке негізделген тұлғааралық қарым-қатынас орнауына, эмпатия, бірін- бірі қабылдау мен өзара сенім білдіру, өзара іс-қимылды жақсартып, топтық ұжымшылдықтың дамуына зор ықпал етеді.

Сондықтан, Овчарова Р.В. еңбектерінде, бейімделуді баланың мектептегі жағдайға ену процесі және нәтижесі ретінде анықтайды. Оның қорытындысында бейімделу, яғни кейінгі өмірдің сәттілігін қамтамасыз ететін жеке қасиеттер, дағдылар жүйесін қалыптастырады. Көптеген авторлардың жұмыстары, баланың мектеп ортасына бейімделуінің сыртқы және ішкі факторларын анықтау мәселесіне бағытталған. Мысалы, «Оқушы–оқушы, арасындағы оң қарым-қатынасы» /Р.В. Овчарова/, «Мұғалім–оқушы, арасындағы   оң   қарым-қатынасы»   /И.В.    Дубровин,   Р.В.    Овчарова/,

«Сыныптағы жағымды психологиялық атмосфера» /М.А. Максимов, Л.А. Ясюков/, «Бағалаудың болмауы» /Э.М. Александровская/, «Қолайлы отбасылық қатынастар» /Т.Л. Крюков, М.В. Сапоровская/, «Бейімделудің ішкі факторларына   баланың  танымдық  мотивациясы   жатады»  /Л.М.  Новиков/,

«Балалардың мектепке дайындығының барлық аспектілерін қалыптастыру»

/А.Л. Венгер, Т.В. Дорожевец, Л.М. Новиков/, «Баланың психикалық және физикалық денсаулығы» /М.А. Максимова/, «Баланың қиын өмірлік жағдайға дұрыс жауап беру қабілеті» /Р.М. Грановская, И.М. Никольская/ сияқты ғалымдардың еңбектері осы күнде өзектілігін жоғалтпады. Сондықтан, осы мәселе бойынша мектептерде бейімделуге байланысты жұмыстар жүргізілуі тиіс.


 

Түсінік хат


Бала бірінші сыныпқа барарда өмірінде, өзі толығымен түсіне алмайтын үлкен өзгерістер пайда болады. Мектепте оқыған алғашқы айлар өте күрделі және шиеленісті болып табылады. Білім алуға алғаш келген баланы жоғары сынып оқушылары мен  ересектерден   тұратын  қоғамдық  орта   қарсы  алады. Оған сыныптастары және мұғалімдермен қалыпты қарым-қатынас орнату, үздік білім алуы үшін, мектеп пәндерінің талаптарына бейімделуі қажет.

Мектеп, алғашқы күннен бастап-ақ оқушылардың алдына міндеттер қояды,   ерекше   зияткерлік     және    физикалық    күш     салуын    талап етеді. Педагогикалық-психологиялық диагностика нәтижесі көрсеткендей, балалардың барлығы бірдей мұндай өзгерістерге дайын болмайды. Кейбір оқушылар, тіпті жоғары интеллектуалды даму деңгейімен келген оқушылардың өзіне, мектептің оқыту жүйесі міндеттеген салмақты жүк түседі.

Психологтар көрсеткендей, көптеген бірінші сынып оқушылары, әсіресе алты жасарлардың, мектепке әлеуметтік бейімделуі қиын, себебі мектеп режиміне бағынышты, мектептің мінез-құлық нормаларын игерген, мектеп міндеттері мойындайтын жеке тұлғалық қасиеттері әлі толық қалыптаспаған болып шығады. Баланың мектепке, оқуға деген қарым-қатынас негізі сол уақытта, дәл сол 1-ші сыныпта қаланады.

Баланың мектепке бейімделуі – өте күрделі үрдіс. Кішкентай оқушының мектепке нық үйреніп, дағдылануы үшін бір күн емес, бір апта емес, ұзақ уақыт   қажет  болады.  Бірінші   сынып  оқушыларының   мектепке   бейімделуі оларға жүктелген оңай тапсырма болмайды. Сабақтарда ойын және шығармашылық тапсырмалар, сондай-ақ психологиялық сипаттағы жаттығулар кеңінен пайдаланылады. Балалардың орындаған тапсырмаларының нәтижелерін жинақтау, талқылаудың маңызы зор. Сабақтардың бір бөлігі екі жақты сипатқа ие: олардың құрамында диагностикалық тапсырмалар ғана емес, дамытушылық, түзету жаттығулары болады.

Бірінші сынып оқушыларына ең алдымен, сабақтан бастап мектепке деген жағымды әсер қалдыру үшін: мектепке бейімделу кезеңі сәтті өтуіне және шешуі қиын мәселелер пайда болған балаларға көмектесуге арнайы өзімнің авторлық бағдарламамды құрастырдым. Осы орайда, жоғарыда көрсетілген мәселелерді жүйелеуге, «1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуін психологиялық сүйемелдеу» тақырыбындағы арнайы бағдарламамның маңызы зор деп есептеймін.

Бейімделу сабақтары бірінші сынып оқушылары үшін аптасына 1 рет 33 сабақ көлемінде құрастырылған, ұзақтығы 30 минут.


 

Мектепке бейімделуін психологиялық сүйемелдеу мақсаты:


Бірінші сынып оқушыларының танымдық үрдістерін зерттей отырып, мазасыздықтың алдын алу және жаңа әлеуметтік даму жағдайына бейімделу кезеңінде психологиялық–педагогикалық қолдау жасау.


Бағдарлама міндеттері:


  • Бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуі кезінде қорғаныштық және эмоцианалдық жайлылық сезімін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау.
  • Бірінші сынып оқушыларының танымдық үрдісін зерттеу, дамыту
  • Балалардың бір-бірімен танысу үшін қолайлы жағдайлар жасау.
  • Мектеп ережелеріне қатысты оң қарым-қатынас әсерін қалыптастыру.
  • Бірінші     сынып     оқушыларының     тұлғалық    эмоциялық     және коммуникативті жақтарын дамыту.
  • Әр баланың табысқа жету талпынысын дамыту.
  • Жеке өзіндік қасиеттерін көрсете білу үшін жағдай жасау.
  • Сыныптың   ұжымдық бірлігі, бір-біріне  деген   сенімді   қатынасын, ынтымақтастық дағдыларын дамыту.


Күтілетін нәтиже:


  • Оқушылардың  көру  арқылы,  есту арқылы  есте   сақтауы,  ойлауы, қабылдау қабілеттері артады.
  • Жаңадан бірінші сыныпқа келген оқушылар бір-бірімен танысып, есімдерін тез есте сақтайды, қарым-қатынасты құра алады.
  • Сыныпта бірлік, татулық, ынтымақтастық, ұжымдық дағдылары қалыптасады.
  • Бірінші сынып оқушылары мектеп өмірі ережелерін ұғынады.
  • Үрейі төмендеп, өз-өзіне сенімділігі артады.
  • Мектепке тез әрі жеңіл бейімделеді.

 

Бағдарламасың мазмұны:


  1. Кел танысайық /4 сағат/

Топта психологиялық жағымды хал-ахуал құру. Шиеленістің алдын алу.

Бірінші сынып оқушыларының мұғаліммен және бір-бірімен танысуына

байланысты жаттығулар жүргізіледі. «Менің атым... Мен өзімді сүйемін, себебі...», «Біз көкке жиналдық», «Сәлем!», «Өз құйрығын тістеген айдаһар» жаттығуы.


  1. Мектепке психологиялық дайындығын диагностикалау жаттығулары /5 сағат/

Оқушылардың мектепке психологиялық дайындығын ауызша, жазбаша, сурет салғызу, тест тапсырмалары арқылы анықтау жұмыстары жүргізіледі. Керн-Йирасек (тест),Керн-Йирасек (әңгімелеу), «Жануарлар мектебі» жобалау әдістемсі, «Графикалық диктант», 1-ші сынып оқушыларының оқу түрткісін зерттеу әдістемесі.


  1. Таным үрдістерін зерттеу /4 сағат/

Оқушылардыңкөру арқылы, есту арқылыесте сақтауын, ойлау, қабылдау қабілеттерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі. «10 сөзді жаттау» (А.Р.Лурия),«Сандарды есіңе сақта»,«Таным белсенділік»,«Артық сөзді табу»,«Суреттің дұрыс бөлігін орнына қой».


  1. Таным үрдістерін дамыту /4 сағат/

Логикалық ойлауын, қиялын, есте сақтауын дамыту жаттығулары жүргізіледі.«Қиял арқылы сөздерді есте сақтау», «Суреттің дұрыс бөлігін орнына қой», «Кедергімен санау», «Аймашылығын тап»«Сөздер жұбы»,«Не өзгерді».


  1. Алақай! Мен оқушымын /3 сағат/ Қолайлы эмоциялық атмосфера құру.

Балалардың оқушы мәртебесін ұғынуы.«Оқушы болу деген не?», «Көңіл- күйімізді суреттейміз»«Тамаша күн үшін рахмет».


  1. Мектеп өмірінің ережесі /3 сағат/

Бірінші сынып оқушыларының мектеп өмірі ережелері мен танысуы.

Ынтымақтастық,   бір-біріне  деген   сенімді   қатынас,   сынып   ұжымының ұйымшылдығына бейімделу дағдыларын дамыту,

«Рөлдік көркем жаттығуы», «Орман тұрғындары», «Орман мектебін құру».


  1. Біздің сынып – бұл біз! /4 сағат/

Сыныпты біріктіру, бір-біріне деген қарым-қатынастарын «сынып- тұтас топ» ретінде қалыптастыру.«Мейірімді есім»,«Оқушы портреті»,

«Жалғыз аяқты жол», «Біздің сынып – бұл барлығымыз».


 
  1. Мектептегі көңіл-күй /4 сағат/

Үрейленуді төмендету, баланың «Менін» күшейту, баланың психикалық тонусын,өзіне деген сенімділігін арттыру.

«Жаңбыр»,«Хрустальді саяхат», «Көңіл-күй   түстері»,   «Менің мектептегі көңіл-күйім».


  1. Қорытынды.   Бірінші сынып оқушысы болу  қандай    керемет/5 сағат/

Мектепке және оқуға деген жағымды эмоционалдық қарым-қатынасты бекіту.

«Майшам», «Күн сәулелері»,

«Біріншісынып оқушысының сиқырлы жастығы», «Бірінші сынып оқушыларының аралы», «Біздің жүректеріміздің жылуы»


«1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуін психологиялық сүйемелдеу»

бағдарламасының күнтізбелік жоспары


р/ с

Сабақ

Тақырыптары

Сағат саны

уақы ты

1


Кел танысайық

4



1

«Менің атым... Мен өзімді сүйемін, себебі...»

1


2

«Біз көкке жиналдық» жаттығуы

1


3

«Сәлем!» жаттығуы

1


4

«Өз құйрығын тістеген айдаһар» жаттығуы

1

2


Мектепке     психологиялық    дайындығын

4




диагностикалау жаттығулары



5

Керн-Йирасек (тест)

1


6

Керн-Йирасек (әңгімелеу)

1


7

«Жануарлар мектебі» жобалау әдістемсі

1


8

«Графикалық диктант», «Мен мектептемін»

1

3


Таным үрдістерін зерттеу

4



9

« 10 сөзді жаттау» әдістемесі (А.Р.Лурия)

1


10

«Сандарды есіңе сақта»

1


11

«Таным белсенділік»

1


12

«Артық сөзді табу»

1


13

«Суреттің дұрыс бөлігін орнына қой»

1


 

4


14

15

16

17

Таным үрдістерін дамыту

«Қиял арқылы сөздерді есте сақтау»

«Суреттің дұрыс бөлігін орнына қой»

«Кедергімен санау», «Аймашылығын тап»

«Сөздер жұбы»,«Не өзгерді»

4

1

1

1

1


5


18

19

20

Алақай! Мен оқушымын

«Оқушы болу деген не?

«Көңіл-күйімізді суреттейміз»

«Тамаша күн үшін рахмет»

3

1

1

1


6


21

22

23

Мектеп өмірінің ережесі

«Рөлдік көркем жаттығуы»

«Орман тұрғындары»

«Орман мектебінқұру»

3

1

1

1


7


24

25

26

Біздің сынып – бұл біз!

«Мейірімді есім», «Оқушы портреті»

«Жалғыз аяқты жол», «Жел соғады»

«Біздің сынып – бұл барлығымыз»

3

1

1

1


8


27

28

29

Мектептегі көңіл-күй

«Жаңбыр»,«Хрустальді саяхат»

«Көңіл-күй түстері»

«Менің мектептегі көңіл-күйім»

3

1

1

1


9


30

31

32

33

Қорытынды.

Бірінші сынып оқушысы болуқандай керем ет

«Майшам», «Күнсәулелері»

«Біріншісынып оқушысының сиқырлы жастығ ы»

«Бірінші сынып оқушыларының аралы»

«Біздің жүректеріміздің жылуы»

4

1

1

1

1




 

Пайдаланылған әдебиеттер


  1. В.Бурнашов    Е.Зайцева    Психопрофилактикаға   арналған    бағдарлама
  2. Л.К.Ермекбаева   Қ.Н.Нығметова   Баланың   мектепке    психологиялық дайындығын айқындау.
  3. Ред.   Пилипко   Н.В.   «Здравствуй,  школа!   Адаптационные   занятия   с первоклассниками», Москва, УЦ «Перспектива», 2008 г.
  4. Пилипко Н.В. Приглашение в мир общения. Программа по психологии общения для учащихся начальной школы. М., УЦ «Перспектива», 2000 г.
  5. Глазунов Д.А.Психология Развивающие занятия 1 класс, М 2008
  6. Безруких М.М.,  Ефимова   CJJ.,  Князева  М.Г.   Как  подготовить  ребенка   к школе и по какой программе лучше учиться. М., 1993.
  7. Готовность детей к школе. Диагностика психического развития и коррекция его неблагоприятных вариантов / Отв. ред. В.И. Слободчиков. Томск, 1992.
  8. "Практическая психология в начальной школе" Овчарова Р.В.— М.: ТЦ

«Сфера», 1996. - 240 с.

 

9. И.В. Дубровина,М.К. Акимова, Е.М. Борисова и др.; Рабочая книга школьного психолога.

  1. Максимов.М.А Адаптация как процесс активности и развития субъекта.
  2. Л.А.Ясюкова. Изучение адаптации и развития младших школьников.. Вестник Санкт-Петербургкого университета. Сер.6.2004.вып.

 

Тақырыбы: «Керн-Йирасек» тесті.


Мақсаты: Оқушылардың мектептік көзқарастарын бақылау, олардың білімге ынталарын, қоршаған ортаға бейімделулерін анықтау.

Керекті жабдықтар: қағаз, тор көздер салынған парақша, түрлі – түсті қарындаштар.

Нұсқау:

Алдын – ала дайындық.

Бұл тест 4 тапсырмадан тұрады.

1.Еске байланысты ер адамның тұлғасын салу. 2.Жазба әріптерін салу, көшіру.

3. Нүктелер тобын көшіру. 4.Әңгімелесу.


1. Керн-Ирасек тесті

«Ер адамның бейнесін сал»

Мақсаты: Жалпы психикасының дамуын анықтау Әдістеме

«Қандай да бір ер адамның бейнесін сал». Қандай да бір белгісі, түсіндіру айтылмайды.

Нәтижесін бағалау.

  • ұпай- бейнеде басы, денесі, аяғы бар. Басын денесімен мойыны жалғастырып тұр. Басында шашы бар (құлақшын, шляпа) құлағы, бет келбетінде –көзі, мұрыны, аузы. Қолында 5 саусағы бар. Ер адамның киімі бар.
  • – ұпай- барлық талаптардың орындалуы, мүмкін 3 бөлігінің болмауы(мойын, шашы, 1 саусағы, қолы, құлағы), бірақ бет келбетінің барлық бөліктері болуы қажет.

3-  ұпай- басы, денесі, аяғы бар. Қолы, аяқтары таяқшалармен бейнеленген. Мойыны, құлағы, шашы, киімдері, саусақтары жоқ.

  1. ұпай- басы мен аяқтары таяқшалармен бейнеленген.

5- ұпай- анық бейне көрінбейді, бұйра-бұйра бейнелер, шимай.


2«Үлгіге қарап көшіру»

Мақсаты:  қимыл- көру және  қимыл дағдыларын үйлестіруінің дамуын анықтау

Әдістеме

«Қарашы мына жерде бірдеңе деп жазылып тұр, сен әлі жаза алмайсың, сонда да мына жазуды дәл сондай етіп көшіріп көрші».

Нәтижені бағалау.

  1. ұпай- анық және толық көшірілген үлгі, көлемі кішкене 2 еседей ғана үлкейтілген. Жазу жолдары 30°-ке ғана ауытқып кеткен.

2-  ұпай- анық, жазу мөлшері жақынырақ, әріптердің әдемі болуы міндетті емес. 3- ұпай- әріптер 2 топқа бөлінген 4 әріпке дейін оқуға болады.4 –ұпай- 2 әріпке дейін бөлінген


 

5-ұпай- бұйра-бұйра, шимай жазулар


  1. «Нүктелер тобын көшіру»

Әдістеме

«Мына жерде нүктелер бейнеленген, дәл осындай етіп көшіріп бер.

Нәтижені бағалау

ұпай- үлгіні дәл етіп түсірген. Нақты нүктемен белгілеген(дөңгелектер емес). Пішіннің көлденеңнен, тігінен симметрия сақталған, жартысынан көбі аздап не үлкейтіп, не кішірейтіп көрсетілуі мүмкін

ұпай- аздап симметриядан қателескен . мүмкін 1 нүкте рамкадан шығып кетуі

.нүктенің орнына дөңгелектермен белгілеген

ұпай- дөрекі ұқсастық,барлық фигурадағы бұзылу. Мүмкіндігінше үлкен не кішкене нүктелер (7-ден 20-ға дейін)

ұпай- көлемі мен саны жағынан елеулі өзгерген, бір-біріне қабаттап белгілеген, нақты бейнені көру мүмкін емес.

ұпай- шимай-шимай

Бұл тапсырмалар Керн-Ирасектің «мектептік жетілгенін бағдарлайтын тест» деп аталады.9 және одан жоғары ұпай жинамаса сонымен қатар ауызша айтуында кемістік бар баланың мектепке дайын еместігі анықталады. Соңғы нәтиже жасау үшін стандартты медициналық сәйкестіктерді де ескеру қажет.


4. Әңгімелесу.

  1. Қай жануар үлкен- ат немесе ит Ат-о б,

қате жауап - -5 б

  1. Таңертең таңғы тамақ ішеміз, ал күндіз ...

Түскі тамаққа ет жеп сорпа ішеміз- 0, кешкі тамақ ішеміз, ұйықтаймыз, т.б қате жауап – -3 б

  1. Күндіз жарық, ал түнде ....

Қараңғы- 0 б,

қате жауап - -3 б

  1. Аспан көгілдір, ал шөп ...

Жасыл- 0 б, қате жауап- - 4б 5.Алмұрт, өрік, алма, шие- бұл ...

Жемістер- об, қате жауап- - 1б

  1. Поезд өтерде неге шлагбаумды жауып қояды?

Поезд машиналармен соқтығысып қалмас үшін, біреу поездің астына түсіп қалмас үшін – о б, қате жауап- - 1 б

  1. Астана, Алматы, Өскемен – бұл нелер?

Қалалар- 1 б, станциялар- 0 б, қате жауап – -1б 8.Қазір сағат неше ( сағаттан көрсету)

Дұрыс жауап- 4 б, білмейді- 0 б, сағаттың жартысын көрсетіп, сағатын дұрыс көрсеттсе – 3 б

  1. Сиырдың төлі – бұзау, иттің баласы – бұл ..., қойдың төлі- бұл ..

 

Күшік, қозы- 4 б, тек бір дұрыс жауап -0 б, қате жауап- -1 б

  1. Ит қауыққа ұқсай ма, әлде мысыққа ұқсай ма, нелерімен ұқсайды, нелері бірдей

Мысыққа, өйткені, оларды 4 аяғы, жүні, құыршығы, тұяқтары бірдей-0 б, мысыққа ұқсайды(ұқсас белгілерін ашып көрсете алмады - - 1б, тауыққа- -3б 11.Балға мен балта несімен ұқсас?

2 жалпы белгісі- 3 б(темірден, ағаштан жасалған, сабы бар, құрал, шеге шегелеуге болады.1 ғана ұқсастық- 2 б, қате жауап- 0 б

13. Тиін мен мысық бір-біріне несімен ұқсас

Олар жануарлар, 4 аяғы, құйрығы, жүні, бар, екеуі де ағашқа өрмелеп шыға алады-3 б, бір ғана ұқсастық -2 б, қате жауап- 0 б




































Тақырыбы:«Жануарлар мектебі» жобалау әдістемесі.

Мақсаты:Оқушылардың мектепке көзқарасын, мұғалім мен оқушылармен қарым-қатынасын және өзіне сенімділігін анықтау. (Мектепке оқушылардың бейімделуін диагностикалау)

Керекті жабдықтар: қағаз, түрлі – түсті қарындаштар. Алдын – ала дайындық.

ЖүргізушіҚазір біз сіздермен бірге сиқырлы орманға қызықты саяхат жасаймыз. Ыңғайлы отырыңыздар, денелеріңізді бос ұстап, көздеріңізді жұмыңыздар. Ашық күнде орманда жүрміз деп елестетіңдер. Басымызға жапырақтар, аяғымызға жұмсақ шөптер шайқалып тиеді. Алқапта сендер

«Жануарлар мектебі» деген жазуды көрдіңдер. Айналаға қараңдар! Қандай жануарлар бұл мектепте оқиды екен? Ал қандай жануар мұғалім? Сендер қандай сезімде болдыңдар? Осы сезімді ары қарай дамытыңыздар. Мен онға дейін санағанша, сендер біраз уақыт осы «Жануарлар мектебінде» болыңдар, содан кейін көздеріңізді ашасыздар.

Нұсқау:

Жүргізуші: Сіздер «Жануарлар мектебінде» болдыңыздар. Ал енді қарындаш пен қағаз алып, не көргендеріңіздің суретін бейнелеуді өтінемін.

Тапсырма орындалды.

Өз суреттеріңе мұқият қарап, «мен» өзім деген жануарды тап. Оның жанына

«х» немесе «в» әрпін қой.

Интерпретация.

1.  Суреттің парақ бетіне орналасуы.

Суреттің қағаздың жоғарғы жағына жақын орналасуы өзін жоғары бағалаушылықты, ұжымдағы еркін жағдайға қанағаттанбаушылықты, айналасындағылар жағынан жеткіліксіз қызметтілікті білдіреді. Суреттің төменгі жағына жақын орналасуы өз - өзіне сенбеушілікті, өзін төмен бағалауды білдіреді. Егер сурет ортада бейнеленсе, онда балада барлығы нормада деп есептеуге болады.

  1. Фигураның контурлары.

Фигураның контурлары суреттегі шығыңқы жерлердің көріну немесе көрінбеуімен талданады (кедергілердің, тікендердің типтері арқылы), жолды күңгірт салу – мұның барлығы қоршаған ортадан қорғану болып табылады. Егер үшкір бұрыш салса – агрессиялықты, ал егер контурлы жол күңгірт болса

–     қорқыныш пен мазасыздықты, тікен, қоршау қойылса – қорғаныс пен күдіктілікті білдіреді.

  1. Басып салу.

Суреттерді бағалау кезінде басып салуының тұрақтылығына көңіл аудару керек. Ол тұрақтылықты білдіреді. Жай, әлсіз басып салу – қысымды білдіреді. Мазасыздануды сонымен бірге сызықтың бөлінуі, өшіргені білдіреді.

  1. Көз, құлақ, ауыз т.б. детальдардың болуы.

Көздің бейнеленуі мәліметтің жағымсыздығын, құлақтың бейнеленуі (үлкен немесе әрбір детальдарын мұқият салу) өзіне деген айналасындағы адамдардың пікіріне деген қызығушылығы. Ашық штрихталған ауыз – қорқыныштың пайда болуын көрсетеді. Тістер – вербальді агрессияның белгісі.


 

5.  Адамдарды салу коммуникативті қарым – қатынас ерекшеліктерін білдіреді. Бір – бірімен әртүрлі қарым қатынастағы балалар (ойнау, оқу әрекеті және т.б.) және олардың араларын бөлетін сызықтың болмауы кластастар арасындағы жағымды қарым – қатынасты көрсетеді. Кері жағдайда, оқушылармен қарым

  • қатынас жасауы қиынға соғатынын айтуға болады.

6.     Баланың бейнелеген мұғалім мен жануар арасындағы қарым – қатынас сипаты. Олардың арасында қарама қайшылық жоқ па, соны бақылау керек. Мұғалім мен оқушы фигуралары бір – біріне деген қарым – қатынаста қалай орналасқан?

  1. Оқу іс - әрекетінің бейнеленуі.

Оқу іс - әрекеті бейнеленбеген жағдайда, балаға мектептің оқудан тыс жақтары қызықтырады. Егер оқушылар, мұғалім, оқу немесе ойын іс - әрекеті жоқ болып, жануарлар мектебін бейнелемесе, онда балада оқушы позициясы әлі қалыптаспаған және өзінің мектептік міндеттерін мойындағысы келмейтінін көрсетеді.

  1. Түстік гаммалар.

Ашық, өмірді қуантатын түстер баланың мектептегі жағымды эмоциялық жағдайын көрсетеді. Күңгірт, бұлыңғыр түс жағымсыз және түсіңкі жағдайды білдіреді.

Суретте мектеппен байланысты жағымсыз ассоциация бейнеленбеген, оның қолданған түстік гаммалары, бояулары да баланың мектепке деген жағымды қарым – қатынасын білдіреді.

Суретте жағымсыз ассоциация жоқ, түстік гаммалары ашық бейнеленген. Бірақ – та, оқушылардың бір – бірін сызықпен бөлу кластастары арасындағы қарым – қатынастың қиыншылығын білдіреді. Мұғалімнің бағасы өте жоғары. Бала қарым – қатынасқа түсуге қызығады. Бірақ бірде – бір қоянның

Аузы жоқ, бұл жағдай қарым – қатынасқа түсудегі қиыншылықты білдіреді. Сурет   аяқталмаған,  жануарлар  боялмаған  болса,   мұғалім  мен   оқушы арасындағы айырмашылық нақты емес. Мұғалім тіпті жоқ болуы да мүмкін. Барлық жануарлар өшіргішпен өшіріліп, қайтадан салынған. Қарындашпен қатты бастырылып салынған. Қағаз бүлінген. Бұл суретті балада мектеппен байланысты   мазасыздық  бар  деп   талдауға             болады.  Мұндай             жағдайда ситуацияны түсіну үшін баламен қосымша жұмыстар жүргізу керек.

Суретте ішкі агрессияның барлығы, яғни жануарлардың құлақтары мен мүйіздерін үшкір бұрыштармен бейнелесе, мазасыздықты білдіреді (өшіру). Балаға мектептің оқудан тыс жақтары қызықтыруы ықтимал. Баланы бас ауруы мазалауы мүмкін.

Жағымсыз ассоциациялар бар болса (мұғалім – крокодил, бала – қоян), класта агрессия сезіледі (мұғалімде – тістер, тырнақтар, оқушыда – тістер және инелердің болуы). Өзін басқа оқушылар мен мұғалімдерден бөлек айқын қою. Сурет бойынша әңгімелесуде бала өзін класта еркін сезінбейді екен. Сыныптастарымен қарым – қатынаста қиыншылық болуы мүмкін.


 












































.

Тақырыбы: «Мектепте маған не қажет?»


МақсатыОқу құралдарымен танысу

Жаттығудың барысы:Психологоқушыларға мектепкеқажетқұрал- жабдықтаржөніндежұмбақтар жасырады.


 

Ойларындыаңсаған, Асылсөздiақалаңға, Түсiруденшаршаған, Менемеспiнәмәнда. (Қалам)

Қысқа таяқ дiңi бар, Шиырлаған iзiнде

Сайрап тұрар тiлi бар.

(Қарындаш) Қабы сояу, Дiнi – бояу.

(Түрлі-түсті қарындаш) Бөлiнгендi табыстырып, Бiрiктiрсе қабыстырып. Жымдастырған жiгiт де, Байқамайсың түгiн де. (Желiм)

Ұшымен қазық Тор көздi жазық. Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып. (Дәптер) Оқуыма төрешi, Тоқуыма төрешi.

Парақтасам байқалар. Бiлiмiмнiң өресi, Онда және жазылған, Кестем де бар келесi. (Күнделiк)

Оқу-бiлiм аспабы, Қоймасының бас қабы. Бөлмесi де бiрнешеу, Тиегi бар ашпалы. (Сөмке)


"Ал енді айтыңызшы: оқушы мектепке немен барады? (Балалар жауап береді: сөмкемен)   Дұрыс,   сөмкемен.    Ал   оның    сөмкесінде    не     бар?    (Балалар жауап береді: қаламдар, қарындаштар, пеналдар, оқулықтар, өшіргіштер.) Өте жақсы! Ал мектепке дейінгі балалар балабақшаға өзімен бірге не алып барғысы келеді? (Балалар жауап береді: ойыншықтар, қуыршақтар, мәшинелер) Ал олай болса сөмке туралы ертегіні тыңдаңыздар.


М.А. Панфилова «Сөмкені жинақтау» ертегісі

Сабақтан кейін барлық оқушылар үй тапсырмасын орындап, өлең-ережелер құрастырды. Тиын өзінің дұрыс тамақтану ережелерін сурет альбомына сурет


 

түрінде салғысы келді. Сурет өте сәтті шықты: түрлі-түсті қарындаштармен үстел басында отырған таза бірінші сынып оқушысын бейнеледі. Ол қолында қасықты дұрыс ұстап, шынтағын дұрыс қойып, сүлгіні дұрыс пайдаланып отырғаны да сәтті шықты. Оның ауызы жабық еді. Тиын өзі салған суретін біраз уақыт тамашалап отырды да, сөмкесіне сала салып, жүгіре басып ойнауға кетіп қалды...

Мектепте мұғалім үй тапсырмасын тексеріп жатқан. Балалар өз жауаптарымен мұғалімді қуантып салды. Тек қана Тиын әлі өз суретін көрсеткен жоқ. Ол өз сөмкесінен сурет салынған альбомын таба алмады.

  • Мүмкін сен өз ережеңді айтып берерсің, Тиын? — деп сұрады Кірпі.

—    Маған өзімнің суретімсіз өлеңімді еске түсіру қиынырақ болады. Қазір тауып аламын. Мен кеше салып едім ғой! — деп жыламсырады Тиын.

  • Жақсы, Тиынға бәріміз көмектесейік! — деп мұғалім балаларға ұсыныс берді.

Көжек пен Бөлтірік жоғалған затты тез табу үшін, сөмкедегі бар заттарды үстелдің үстіне шығара бастады. Тиынның сөмкесінде не жоқ дейсің?! Үстелдің үстінде жаңғақтар да, шыбықтар да, бантиктер де, гүлдер де, кәмпиттің қағаздары да, тіпті кепкен саңырауқұлақтар да бар еді. Кірпі мен оның оқушылары бұл байлыққа таң қала қарап тұрды.

  • О, міне, менің альбомым! — деп қатты қуанды Тиын.
  • Ал кәне, Тиын, не салғаныңды бәріне көрсет, — деп күлімдеді мұғалім. Тиын өзінің шығармасымен, құрастырған өлеңімен мақтанып жатқан, бірақ ол күткендей болмады, ешкім оның көрсеткеніне таң қалған жоқ. Балалар әлі де сөмкеден шыққан «байлыққа» қарап тұр еді.
  • Сендер неге бұлай қарап тұрсыңдар? — деді Тиын жолдастарына.
  • Осының бәрі сенің мектеп сөмкесіне қалай сыйып кеткен? — деп сұрады Қонжық.
  • Маған анам сөмкемнің ішінен бірнеше қалта тігіп берген, сондықтан осының бәрі ішіне оңай сыйып кетті! — деп Тиын әрі қарай мақтана түсті.

—   Иә, сенің анаң жақсы еңбектенген екен, қызының мектепке апаратын оқу құралдары сыйып кету үшін, қалам бір қалташаға, дәптерлер бір қалтасында, кітаптар бір қалтада ... — деп Кірпі оқушысына түсіндіргісі келді.

—     Оларды не үшін олай салу керек? Басқаша салуға да болады, мысалы: оқу құралдары бір қалтада, бір қалтасында жаңғақтар, бір қалтасына кәмпиттер салуға ыңғайлы ғой... — деп Тиын да өзінікін дұрыс деп болмады.

  • Әрине, олай да салуға болады, бірақ сенің жоғалған альбомыңды іздейміз деп қаншама уақытымыз зая кетті ғой?! — деп қарсылық білдірді Кірпі.

Тиын ойланып қалды. Ал Кірпі бүкіл сыныпқа қарап:

Балалар, сабаққа ыңғайлы болу үшін, сіздер сөмкелеріңізді қалай жинастырасыздар?

  • Мен дәптерлерім мен оқулықтарымды бірге саламын, — деп тәжірибесімен бөлісті Бөлтірік.
  • Ал оны сөмкеге салған кезде немесе сөмкеңнен алған кезде, дәптерлерің майысып қалатын шығар?! — деп тұспалдады мұғалім.
  • Иә, майысып қалады, — деп растады Бөлтірік.

 

—     Ал мен әр оқу құралын жеке-жеке саламын. Қаламдарым бір қалтасында, дәптерлерім бір қалтасында, оқулықтарым бір қалтасында, жеке-жеке жатқандай қылып жинастырған ыңғайлы, — деді Көжек.

Бұл дұрыс, — деп оны мақтады мұғалім. — Бізге оқу құралдары ұзақ уақыт ұстауға қажет болатындықтан, оларды таза, ұқыпты және күтіп ұстауымыз керек.

  • Оларды қалай күтеміз? Олар жанды емес қой! — деп таң қалды Тиын. Дұрыс ұқыпты пайдаланып, сыртын тыстап, уақытында желімдеп, жанды денелердей күтіп ұстасаңыз, олар да сізге ұзақ уақыт адал қызмет етеді. Ал егер біз өз заттарымызға ұқыпсыз қарасақ, «Федордың қайғысы» ертегісіндегі ыдыс-аяқтардай қашып кетуі мүмкін.

Балалар ішек-сілесі қата күлді де, бірақ аздан соң өз сөмкелеріне уайыммен қарап қалды.

  • Мен өз сөмкемнің қашып кеткенін қаламаймын! — деді бір кезде Мыршай.
  • Мен де қаламаймын! — деп балалардың бәрі сыбырлады.

—   Олай болса біз өз сөмкелерімізді күтіп ұстаймыз, артық керексіз заттармен ішін толтыра бермейміз, — деп сөзін аяқтады мұғалім.

Қоңырау уақытында әр оқушы өз сөмкесін қайта қарап, майысқан дәптерлерін түзетіп, қарындаштарын ұштап, әрқайсысын жеке қалташаларға жинастыра бөліп қойды.