22
май
2024
«Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы соңғы қоңырау іс-шарасының өтілу барысы жайлы толыққанды түсіндіру жұмысы жүргізілді.
«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Ы.Алтынсарин атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар қазақ гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың мамыр айының 21-і күні жалпы гимназия бойынша ата-аналар комитетінің төрағасы Сейлханова Райхан Алпысовна 11 сынып оқушыларымен 25 мамыр 11 сынып түлектері үшін өткізілетін «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы соңғы қоңырау іс-шарасының өтілуі барысында ұстаздарға, мектепке қаражат жинауға тыйым салынатынын, мерекелік іс- шараға тек мектеп формасымен келулерін және жиналып мейрамханаларға, тауға, көкке, көлге баруға болмайтынын ескертіп, толыққанды түсіндіру жұмысын жүргізді.