Директордың бағдар бойынша орынбасары Садиева Сауле Тезекбаевна
Өмірбаян
Мен,Садиева Сауле Тезекбаевна 1971 жылы 16 қаңтарда Жетісу облысы,Алакөл ауданы,Үшарал қаласында дүниеге келдім.
1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің филология факультетін филолог,қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы квалификациясымен бітірдім.
Еңбек жолымды 1988 жылы 1 қыркүйектен бастап Қайнар орта мектебінде аға пионер вожатый болып бастадым.1989 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс беріп келемін.1995 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,1996 жылы директордың оқу ісінің орынбасары лауазымын атқардым.
2010 -2013 жылы аралығында Достық кентінің Достық орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болдым.
2013 жыл мен 2023 жылдың сәуір айы аралығында Жайпақ ауылының М.Төлебаев атындағы орта мектебін басқардым.
Өскелең оқыту мен тәрбиелеуде аудандық ,облыстық ,республикалық деңгейдегі Құрмет грамоталарымен марапатталдым.
Жанұям бар.Ерім -Шаяхметов Бақтұр Нығметұлы .Мұғалім.Қызым -Шаяхметова Шынар Бахтуровна.Кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы.Кіші қызым-Шаяхметова Анар Бахтуровна. Дәрігер.Ұлым-Шаяхмет Мұрат Бахтұрұлы.Үшарал қазақ гимназиясының оқушысы.