Апталық жиын
📅 2026 жылдың 16 наурыз күні Ы.Алтынсарин мектеп-гимназиясында апталық жиын өткізілді. Жиын барысында өткен аптаның қорытындысы жасалып, оқу және тәрбие жұмыстарына белсене қатысқан оқушылар марапатталды. Сонымен қатар білім алушылардың жетістіктері атап өтіліп, алдағы міндеттер айқындалды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың белсенділігін арттыру, жетістіктерін қолдау, жауапкершілікке баулу және мектеп өміріне деген қызығушылықтарын дамыту.