2023-2024 оқу жылының алғашқы аптасы дәстүрлі түрде І және ІІ ауысым оқушылары үшін апталық жиын өткізуден басталды. » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
" Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
сентябрь
2023

2023-2024 оқу жылының алғашқы аптасы дәстүрлі түрде І және ІІ ауысым оқушылары үшін апталық жиын өткізуден басталды.

2023-2024 оқу жылының алғашқы аптасы дәстүрлі түрде І және ІІ ауысым оқушылары үшін апталық жиын өткізуден басталды. Гимназия директоры Г.Хасенова жаңа оқу жылының сәтті және табысты болуына тілектес екенін білдіріп, «Жаңа оқу жылы – жаңа белес» дей келе оқушыларға терең білім нәрімен сусындауға, ұстаздарды шығармашылықпен тәлім-тәрбие беруге шақырды.
Гимназия директорының ТІЖ орынбасары Б.Мухаметкалиева, оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптарды айтып, сабаққа уақытылы, кешікпей келуі, мектептегі сыныптардың кезекшілік уақытысында тәртіп бұзушылық, кешігіп келу, мектеп формасының сақталуын назарға алуы туралы айтып өтті.
Апталық жиыннан кейін, гимназия медбикесі М.Идришова және тәрбие бөлімі І және ІІ ауысымдағы 1-11 сынып оқушылардың тазалығын тексеріп шықты.