17
ноябрь
2025
«Қауіпсіз мектеп – бақытты бала» тақырыбында тәрбие сағаттары


Бүгін Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясында
«Қауіпсіз мектеп – бақытты бала» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
Оқушыларға мектептегі тәртіп ережелері, жол қауіпсіздігі, интернеттегі қауіпсіздік және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балалар интерактивті тапсырмаларға қатысып, қауіпсіздік мәдениеті туралы білімдерін толықтырды.
🔹 Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіз орта құруға бағытталған жауапкершілігін арттыру.