20
ноябрь
2025
Оқыту семинары
📚 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияда семинар өтті.2025 жылдың 20 қарашасында «5–10 гимназия және мектеп сыныптарындағы білім алушылармен жұмыс істеу ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – 5–10 сынып оқушыларының үлгерім деңгейіндегі алшақтықты жою жолдарын талқылау, тиімді тәжірибе алмасу және оқыту ерекшеліктерін ескеру.
👩🏫 Қатысқан пән мұғалімдері:
1. А. Нүсіпова – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
2. З. Тонканова – орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
3. Т. Канапиянова – тарих пәнінің мұғалімі
4. Н. Даулетбакова – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
5. З. Аюбаева – математика пәнінің мұғалімі
6. А. Аликеева – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
✨ Семинар барысында бірлескен жұмыс, тәжірибе алмасу және оқыту сапасын арттыру жолдары талқыланып, мұғалімдер тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.