21
ноябрь
2025
Іс-тәжірибе тарату
📅 2025 жылдың 21 қараша күні Қабанбай батыр атындағы орта мектебінде«Ертегі терапиясы арқылы балалардың креативті ойлауын қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.
👩🏫 Семинарға Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия жанындағы «Балауса» шағын орталығының меңгерушісі және аға тәрбиешісі Ж. Доскенова қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
🍎 Тақырыбы: «Алма» ертегісі
🎯 Мақсаты:
– балаларды ертегі мазмұны арқылы сахналауға үйрету;
– достыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу;
– шығармашылық қабілеттерін дамыту.
✨ Іс-шара педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне мүмкіндік берді.