" Соңғы қоңырау" салтанатты жиыны . » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
" Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2024

" Соңғы қоңырау" салтанатты жиыны .

2024 жылдың 25 мамыр күні «Ы.Алтынсарин атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар қазақ гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 11 сынып түлектеріне арналған соңғы қоңырау салтанаты өткізілді. Жиынға 11 сыныптан – 36 түлек және сынып жетекшілер, ата-аналар, мектеп ұстаздары, аудандық білім бөлімінің басшысы Ибраимов Асет Садуақасұлы қатысты.
Жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ниязова оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықпен таныстырып, артынан гимназия директорының құттықтауы, Асет Садуақасұлының құттықтауымен ұласты.
6 сынып оқушысы Ерсерік Ерасыл «Ерке сылқым»  күйін орындап, «Нұршашу» би тобы қазақ биін биледі.
Дәстүрлі түрде, түлектерге ақ жол, сәт-сапар тілеп, құттықтауларын бастауышта білім берген ұстазы Ж.Делегеева және 11 сыныптан З.Тонканова ыстық лебіздерін білдірді.
Түлектер, ұстаздары мен мектебіне арналған әндерін орындап, түлектер атынан құттықтау сөз оқу үздігі, гимназия мақтанышы Қызыр Аида мектебіне, ұстаздарына, ата-аналарына алғысын білдіріп, сыныптастарына ҰБТ-ден абыроймен өткізіуге тілектестігін білдірді.
Салтанатты жиынның соңында, қоңырау соғу рәсімі, білім кілтін табыстау сынды сәттер орын алды.
Жиын сағат 9.30 да басталып, 10.15 аяқталды. Тәртіпсіздік, оқыс оқиғалар орын алған жоқ.