19
август
2024
Ата-аналар жиналысы «2024-2025 оқу жылындағы гимназиядағы ерекшеліктер»
«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар қазақ гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың тамыз айының 19-ы күні 7,8,9,10,11 сыныптар бойынша ата-аналарға жеке-жеке жиналыс ұйымдастырылды. Жиналысқа келген ата-аналар тіркеліп, сынып жетекшілерімен бірге қатысты. Ата-аналар жиналысы «2024-2025 оқу жылындағы гимназиядағы ерекшеліктер» тақырыбында өтті. Гимназия директоры Хасенова Галима Токишевна және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ниязова Айгүл Киыкпаевна өткізді. Жиналыста гимназия директоры Хасенова Галима Токишевна 2023-2024 оқу жылында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ниязова Айгүл Киыкпаевна және сынып жетекшілермен бірлесе отырып, үлгерімі төмен оқушылармен және ата-аналарымен жұмыс жүргізу барысында оқушылардың, ата-аналардың үнін ескере отырып, жаңа оқу жылынан бастап 7-11 сынып аралығындағы оқушыларымыз гимназия және жәй сыныптар болып бөлінетінін айтты. Бұл біздің оқушыларымыз үшін өте жақсы мүмкіндік. Өйткені үлгерімі төмен оқушыларымыз басқа мектептерге бармай өз мектебімізде оқитын болады. Бұл жердегі біздің негізгі мақсатымыз жәй сыныпта отырған оқушылармен тиімді жұмыстар жүргізе отырып, гимназия сыныбына қосу. Яғни сапаға, нәтижеге жұмыс істеу. Ата-аналар жиналысының қорытындысы бойынша ата-аналар мектеп әкімшілігінің ұсынысына қарсы емес екендіктерін айтты. Биылғы жаңа оқу жылына тек сәттілік тілейміз!