Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
" Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
январь
2024

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

«Ы.Алтынсарин атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар қазақ гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің АКТ залында 16 қаңтар күні жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы Нұрланова Қаламқас Нұрлановна және тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары Ауған соғысы ардагерлері: Барлыкбаев Сәкен Буранказынович, Кребаев Шаяхмет Нурахметулы, Жаханбаев Нурлан Нукеновичпен кездесу өткізілді.
Кездесуді директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қ.Ниязованың сөзінен бастау алып, тарих пәнінің мұғалімі Серекбев Мұрат Жапарғалиұлының «Тарихқа шолу» тақырыбындағы баяндамасымен жалғасты.
Сонымен қатар «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні мұғалімі Ермұханұлы Манаттың жетекшілігімен 11 сынып оқушылары Калашников автоматын жартылай бөлшектеп жинақтауын көрсетті.
Ауған соғысының ардагерлері өз бастарыннан өткен оқиғаларын баяндап, оқушыларға тағылымы мол, тәрбиелік мәні бар кеңестер айтты. Ауған соғысына қатысқан ардагерлердің әңгімелерін оқушылар ұйып тыңдады. Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.