04
август
2025
“Мектеп формасы – тәртіп пен бірліктің көрінісі”


📌Ата-аналарға арналған ақпараттық жаднама:
“Мектеп формасы – тәртіп пен бірліктің көрінісі”
Құрметті ата-аналар!
Мектеп формасы – оқушының мектептегі тәртібі мен сырт келбетінің талапқа сай болуын қамтамасыз ететін маңызды элемент. Барлық оқушылар бірыңғай мектеп формасын киюге міндетті.
*Мектеп формасына қойылатын талаптар:*
*Ұл балаларға:*
- Қою көк түсті классикалық үлгідегі шалбар
- Ақ түсті көйлек
- Классикалық аяқ киім
- Қажет жағдайда: қою көк жилет, пиджак
*Қыз балаларға:*
- Қою көк түсті классикалық белдемше/сарафан
- Ақ түсті блузка
- Классикалық үлгідегі аяқ киім
- Қажет жағдайда: жилет немесе пиджак
*Тыйым салынады:*
- Ашық түсті, денеге жабысып тұратын, сән үлгісіндегі киімдер
- Жылтырақ, сәндік элементтері бар киімдер
- Жартылай ашық киім, қысқа белдемшелер, спорттық киімдер
*Неге мектеп формасы маңызды?*
- Тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелейді
- Әлеуметтік теңдік қалыптастырады
- Мектептің ішкі тәртібін нығайтады
- Оқушының оқуға деген көңілін шоғырландырады
*Сіздің қолдауыңыз – бала тәрбиесіндегі үлкен үлес.*
Мектеп формасының сақталуы – тәртіптің белгісі!