19
январь
2024
Магниттік мектептер
Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кеңесінің шешіміне сәйкес Қарабұлақ орта мектебімен білім сапасын көтерудің бірлескен жоспары негізінде жасалған жұмыс жоспарының 2- циклі 19 қаңтар күні табысты басталды.Қарабұлақ орта мектебінде өткен озық сабақтар эстафетасына гимназия директорының әдістемелік істер жөніндегі орынбасары С.Садиеваның басқаруымен барған Қ.Баянбаева, А. Өмірзақова, Н. Дәулетбақова кері байланыстарын беріп қайтты. Өзара ынтымақтаса жұмыс жүргізіп отырған екі мектеп 2- циклді жалғастыра отырып, 3- циклді қоса жүргізіп, Қарабұлақтық әріптестердің Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясына келіп сабаққа қатысып, тәжірибе алмасатынына өзара келісуімен жұмыс жалғасын таба бермек болып тарасты.