17
апрель
2025
“Түлектердің ағаш егуі” экочелленджі



“Түлектердің ағаш егуі” экочелленджі аясында ағымдағы жылдың 17 сәуір күні Ы.Алтынсарин мектеп- гимназиясы “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының “Қамқор” жобасы аясында мектебіміздің 11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілерімен бірге 4 жеміс ағаштарын отырғызды.
✅ Мақсаты: Оқушылардың экологиялық жауапты, мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыру, табиғатты құрметтеу, экологиялық мәдениетін арттыру.Туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру және табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға, еңбекке баулу.
✅ Бұл челлендж жастарды табиғатты қорғауға шақырып, экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Көктем – табиғаттың жаңаратын кезеңі, сондықтан қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосатын уақыт.
✅ Ағаш отырғызу - бұл экологияға қамқорлық жасау ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, жерімізде із қалдыру мүмкіндігі, өзін есте қалдыру, кейінгі ұрпақ үшін ерекше аманат