Мектепке жол акциясы
📌 Құрметті ата-аналар мен қала тұрғындары! 2025 жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында елімізде дәстүрлі түрде өтетін «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» Республикалық акциясы басталды! Аталған акцияның мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек көрсету, оларды мектепке толық дайындықпен баруына жағдай жасау. 📍 Сіздерді осы игі іске үлес қосып, балалардың болашағына бейжай қарамауға шақырамыз! 📞 Байланыс