Мектеп- гимназия директоры Хасенова Галима Токишевнаның құттықтауы » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
" Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2025

Мектеп- гимназия директоры Хасенова Галима Токишевнаның құттықтауы

Құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған 1 сынып бүлдіршіндері!
Сіздерді Білім күнімен жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!Адам өміріндегі сарқылмас қазына — ол білім. Сол арқылы ғана адамзат барлық арман, мақсаттарына жете алады. Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы мектеппен тікелей байланысты.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Республикалық педагогтердің тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде білім саласына берген ең алғашқы тапсырмасы- білім сапасын көтеру.
Яғни, бүгінгі оқушы — бәсекеге төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген тұлға болуы керек. Осы мақсатқа жету жолында мектеп ұжымы қарқынды еңбек етуде. Оның дәлелі биылғы 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп-гимназиямыз Жетісу облысы бойынша үзік 5 мектептің, Қазақстан Республикасы бойынша үздік 100 мектептің қатарына еніп отыр. Бұл біз үшін, біздің аудан үшін және Жетісу облысы үшін үлкен жетістік, толағай нәтиже десек те болады. Бұл жетістікке осы білімді оқушыларымыздың, шағырмашыл-жаңашыл ұстаздарымыздың және ата-аналарымыздың арқасында ие болып отырмыз. Ата-аналар сіздерге үлкен алғыс білдіреміз.
Биылғы оқу жылында мектеп гимназиямызға 1 сыныпқа 95 оқушы қабылданып отыр.1 қыркүйек алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бірінші сынып оқушылары үшін – үлкен өмірге жол бастаған күн, өзінің жеке болашағына қосқан алғашқы үлесі. Біз олармен бірге жаңа өмір жолына аяқ басамыз. Сондықтан да алдымен осы бүлдіршіндерімізді құттықтаймыз.
Алғаш аттаған қадамдарың болашақта білім алу мен одан әрі дамуға негіз болсын! Еліміздің туын биік ұстап, ең үлгілі, ақылды, парасатты тұлға болуларыңа тілектеспіз. Сәттілік тілейміз! Жаңа оқу жылы жаңа жетістіктерге жетелесін!
Мектеп- гимназия директоры Хасенова Галима Токишевна